Сенбі, 20 Сәуір 2024
Ел іші... 5183 0 пікір 27 Сәуір, 2017 сағат 08:37

Abai.kz көтерген мәселе Нақбаевқа нақты шешім қабылдатты

Сәуірдің 26 күні Құлсарыға Атырау облысы әкімі орынбасары Нақбаев мырза келді. Келген мақсаты – екі айдан бері күні-түні ТШО-дан Құлсарыға лас су тасымалдап келген техникалар туралы болатын. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасары Жәрдем Ахметов, қала әкімі Шәкір Кейкін, «Жылой су» басшысы Ыбырайов Балтабай, депутат, прокурор, жергілікті полиция басшысы, экология басшысы, Атыраудан табиғат ресурстарын қорғау басшысы, т.с.с тұлғалар қатысты.

Жиналыс көпке созылмады. Нақбаев мырза нақты сөйлеп, ақиқатты орнына қойып бірден шешім шығарды. Сөз барысында ондай олқылықтарға кім рұқсат бергенін, не үшін бергенін, олай қылуларына еш хақылары жоқ екенін, немқұрайылыққа жол бермеу, жығылғанға жұдырық жұмсап, халыққа қиянат жасамау керектігін, бұл іске үзілді-кесілді қарсы екенін, Тұрар Шапқараның шырылдаған Abai.kz cайтындағы «дабыл мақаласының» дұрыс екенін, Атырау қаласында бұндай істерге кезінде шектеу қойғанын айтып өтті. Бұл істің дереу тоқтатылуын талап етіп, бұл іске шектеу қойылуын шегелеп ескертті һәм бұйырды.

Жиналыс жұма күні ТШО өңірінде жалғасатынын, бұл іске қатысы барларға, не ұлт жанашырларына қатысуларына шектеу қойылмайтынын тілге тиек етті. «Көп сөз – боқ сөз, анық сөз – қанық сөз» дегендей, бұл істің де нүктесі қойылды. Енді ТШО өңірінен Құлсарыға лас су тасымалданбайтын болды.

Тұрар Шапқара

Абай-ақпарат

0 пікір