Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4299 0 пікір 26 Сәуір, 2017 сағат 11:37

ТҚЖБ уақытша жатақжай салып беруге дайын

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басшысы хабарлағандай, бірнеше құрылыс компаниясы банкпен ынтымақтастық жасауға және депутат Перуашевтің ұсынысы бойынша шағын көлемді баспана тұрғызуға дайын. 

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Төрайымы Ләззат Ибрагимова informburo.kz берген сұхбатында банктің мәжілісмен Азат Перуашевтің ұсынысы бойынша ауыл тұрғындарына арналған шағын көлемді баспаналарды қаржыландыруға дайын екенін мәлімдеді.

"Бұл хабарламаны оқыған кезде, бұл, ең алдымен, ауылдық жерден келген жастарға арналған баспана құрылысы екенін анық түсіндім. Олар келгенде, тіпті, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіде ақшаларын жинаған күннің өзінде, үш жылдың ішінде небәрі миллион теңгеге жуық қана қаражат жинай алады. Партияның ұсынысы шағын көлемді баспана құрылысын қарастыруға бағытталған еді, яғни, ауданы шағын 17-18 шаршы метр шегіндегі пәтерлер", – деп ол депутаттың ұсынысына қатысты өз пікірін білдірді.

Банкіге мәжілісмен Азат Перуашевтің жатақханалар жөнінде ұсынысын қолдап, бірнеше құрылыс компаниясы өтініш білдіріп жатыр.

"Бізге, соның ішінде Алматы бойынша да, құрылыс компнияларынан бірнеше ұсыныс келіп түсті. Қазір біз оларды қарастырудамыз. Біздің ойымызша, әр салымшыны жеке қарастырып, оларды топтарға бөлген дұрыс болар еді. Сонымен қатар, бізде тым төмен төлем қабілетіне ие халық санаты да кездеседі, олар айына 20 000-30 000 теңге көлеміндегі аз сомамен жинауға ғана мұршасы бар. Бірақ халықтың бұл санатын да ескерусіз қалдыруға болмайды", – деп хабарлады Ләззат Ибрагимова.

Ол Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бұл бағытта құрылыс компаниялардың ұсыныстарын қарастыруға дайын екенін атап өтті.

"Әзірше жария ететіндей нақты жоба жоқ", – деп нақтылады Төрайым.

«Ақ жол» партиясының көшбасшысы Азат Перуашевтің «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына «коммуналдық үйлер» құрылысын енгізу туралы депутаттық сауалы Желіде қызу талқы тудырды. Көптеген қазақстандықтар мәжілісменнің ұсынысына қарсы шығып, әлеуметтік желіде біраз сынға алды.

Кейбіреулері оның ұсынысын тіпті де, ас үйсіз және әжетханасыз пәтер құрылысы деп бұрмалап, мұндай пәтерлерде депутаттардың өздеріне тұруды ұсынды. Бір тәулік өткен соң, Азат Перуашев БАҚ-та таратылған ақпаратқа қарсы түсініктеме беріп, өзінің нақты нені меңзегенін айқындап берді.

Abai.kz

0 пікір