Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2224 0 пікір 2 Маусым, 2009 сағат 18:54

Дәурен Қуат. Бәрекелді, Батька!

Ең Ресейшіл, ең Мәскеушіл мемлекет басшыларының бірі тәуелсіз Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко болып келе жатыр еді. Алайда, сондай ықылас ниетіне қарамастан оны орыс баспасөзі кекетіп-мұқатып қалуға құмар-ақ. Тіпті ресми лауазымын, есім-сойын жалаңаштап «Батька» деп бадырайтып атай салады. Онысы беларустьердің әкесі атандырып Лукашенконы «әспеттеген» түрлері. Бұл жолы «батька» байқұс орыстардың тарпынан тағы да бір мазаққа ұшырап, қатты қорланды.
Мамырдың 29 күні орыстармен әлеуметтік экономикалық даму мәселесі жөнінде кеңес құрған Лукашенко баспасөзге жария етіп мынаны айтты. «Біз Путин екеуміз ұсақ- түйек шаруадан бастап мелекеттік деңгейге дейінгі істің қамын сөйлесіп емен-жарқын отырғанбыз. Осы уақытта Ресей премьер-министрінің орынбасары, қаржы министрі Кудрин баспасөз маслихатын өткізіп беларусь халқын үрейлендіретін ақпар таратып, қиындықтан шығу үшін не істеу қажеттігін айтып, насихат соғыпты. Егер олардың халі бізден жақсы болса, Ресейде неге жалпы ішкі өнім көлемі 10 пайызға дейін құлдырап кетті? Ал бізде басқа экономикалық жүйе. Алайда біз жалпы ішкі өнімнің 1,5 пайыз өсіміне қол жеткізіп отырмыз».

Тегінде, мәселе мынада көрінеді. Лукашенко Мәскеуден 500 миллион доллар көлемінде қарыз сұрайды. Басында жә деместен мырзалық танытқан Ресей үкіметі жеме- жемге келгенде  қарызды доллармен емес, рубльмен беруді жөн көреді. Ал, Лукашенкоға керегі – доллар. Жік осыдан шықса керек. Бұдан кейін қызба мінезді Александр Лукашенко әдеттегі орысшыл бағытынан мүлде айнып, беларусь халқына қарап: «Ресеймен мәселе шешу мүмкін емес екен, ендеше олардың алдында тізерлеудің, жалбарынудың, жылаудың қажеті шамалы. Бақтымызды басқа әлемнен іздейміз. Мен мұны саналы түрде ашық айтуды жөн көрдім... Сендер  неге Ресейге жағына бересіңдер? Сендер Ресейдің бұдан бұрында бізді ақы-пұлсыз уысына салып әкете жаздағанын қалайша түсінбейсіңдер? Владимир Путин Минскге ұшып келерінің алдында Кудрин екеуі не істеп, не қою керектігін ақылдасып алған. Кеңесіп, кесіп-пішіп алған» деп, мәлімдеді.
Лукашенконың мәселеге осылайша мән беріп жасаған жорамалын сарапшылар да жоққа шығармайды. Мысалы, саяси сарапшылар мен кеңесшілер Ассоциациясы кеңесінің мүшесі Кирилл Коктш «Лукашенкоға мәскеуліктердің масқара еткені қиын тиді. Беларусь басшысы Батыстың сынын дәл осылай қабылдамас еді. Шындығында Беларуссиямен одақтас елдің лауазымды тұлғалары - Путин мен Кудриннің сөз біріктіріп алғаны байқалады. Өйткені, Беларуссия таяуда «Шығыс Еуропа әріптесігіне» мүшелікке өткен болатын. Әңгіменің қарыздан қиыстап саясатқа қарай бұрылып кетуінің себебі осында» дейді.
Әккі саясаткер Путин өзінің орынбасары Кудриннің аузымен Лукашенконың жүйкесін жүндей түтуге жасаған әрекетін сарапшылар тез аңғарғанға ұқсайды. Расында Беларуссия «Шығыс әріптестігіне» Еуропа Кеңесі парламенттік ассамблеясының қолдауымен мүшелікке қабылданған. Аталған парламенттік ассамблея 1997 жылы Лукашенко президенттікке сайланған күннен бастап Беларуссияны әріптестіктен шеттетіп тастаған болатын. Енді байқасаңыз, Батыс та «батька» да бір-біріне жылыұшырай бастаған сияқты. Беларусь президентінің «бақытымызды басқа әлемнен табамыз» деуінде әлгіндей сыр жатқаны анық.
Жалпы, Лукашенко орысқа ғана емес, бұрынғы кеңес одағының экономикалық басқару әдісіне де адал болып келген адам. Елдегі экономикалық менеджмент жаңа қоғамдық қатынастарды қабылдамады. Беларуссияда өндіріс, шаруашылық атаулының  жоспарлы түрде жұмыс жасап тұрғанын Қазақстаннан барған әріптестеріміз де тамсана айтып жүретін. «Беларусьтер тек өздері өндірген тауарларды сатып алады. Барлық сауда орындары отандық тауарларға сықып тұр» деп әредік Ресей басылымдары да жазып қоятын. Алайда, Беларуссия экспортқа тәуелділіктен құтыла алмапты. Жылдағы жалпы табыстың 70 пайызы сыртқы сауда-саттық нарқынан құйылып келген. Лукашенконың «Ресейден де басқа әлем бар» деген сөзін дәлелдей түсетін жайттың бірі осы болса керек. Басқа әлем ол Беларуссия үшін алдымен Батыс  екені даусыз. Бұрынғы алыс-берісті сәтті жалғай алса Орталық Азия еледерімен де, Украинамен де, Қытаймен де табысудың сәті  туып тұр. Ал, Ресей Лукашенконың «басқа әлемін» еш ұнатпасы белгілі. Ресей ТМД елдерінің қай- қайсысы болмасын әнтек әрекет еткенін қаламайды. Мәселен, Қазақстанға әлдебір шетелден инвестиция келе қалса, Ресей газеттерінің зар илеп шыға келетін қашанғы әдеті. Тап бір біздің тәуелсіздігіміздің сақтық шаралары мен қауіпсіздігі өздеріне аса қымбат дүниедей «Қазақстан АҚШ-тың отары болып кететін болды», «Қазақстанды қытай басып алатын болды» десіп жарыса жазып жамандық шақырудан сәтке жалықпайды. Біздегі Ұлттық комапниялардың ұсақ-түйек жұмысына дейін араласып, өкім соғатыны және бар. Қайбір жылы Қазақстан теміржолы әкімшілігі қытайдан пойыз сатып алып еді, әлгі отарбалардың денсаулыққа зиянды жағын көтеріп дабыл қаққан Ресей баспасөзі болды. Неге десеңіз, біздің «теміржолшылар» Ресейдің аңғал-саңғал, сонысына қарамай удай қымбат пойыздарын сатып алудан бас тартқан көрінеді. Бұл жай ғана мысал. Кейінгі кездері Ресей Қазақстандағы мұнай өндіруші шетелдік операторларды ығыстырып майлы жіліктің басын өзіне қарай икемдей түсуде. Есесіне, бірақ, Ресей Орталық Азияның Батысқа шығатын жолын кесіп, кедергі келтіріп бағуда. Шикізат тасымалына тіпті шексіз билік жүргізуде. Әйткенмен, ресми Мәскуге «әй, мұның қалай?» деген сөзді Ақорданың айналасындағы бір де бір шенеунік осы күнге дейін естіртіп айта алған емес. Ендеше Ресейден ірге бөлу былай тұрсын, бірігіп бір ел болуға да пейіл танытып жүрген Лукашенконы ер демеске амалымыз кем. Бәрекелді, «батька!»

Дәурен Қуат, "Абай-инфором"

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3511