Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
4682 0 пікір 25 Сәуір, 2017 сағат 10:17

Петербургтегі шабуылға қатысты істегі күдікті тағылған айыптарды жоққа шығарды

Ресейлік тергеушілердің Тәжікстан азаматы Содик Ортиковтың Санкт-Петербург метросындағы терактіге қатысқан дегенге дәлелі жоқ. Ортиковтың адвокаты Мәскеу сотындағы тыңдауда осылай деп мәлімдеді. Заңгердің айуынша, тінту кезінде табылған қару оның қорғауындағы азаматқа тиесілі емес, оны үстіне Содиков тінту жүргізілген пәтерде бірнеше адаммен көршілес тұрған.

Ортиковтың өзі де кінәлі еместігін мәлімдеді. Полиция ұстағанға дейін ол аспаз болып істеген.

Тәжік азаматы 6 сәуірде Мәскеуде ұсталды. Тергеушілер оның пәтерін тінту кезінде тапанша, екі тротил құтысы және граната табылғанын хабарлады. Қазір Ортиков терроризм және қару-жарақты заңсыз сақтау қылмыстарымен қамауда отыр.

3 сәуірде Петербург метросында жарылыс болып, 14 адам қаза тапты, 50-ге жуығы жараланды. Шабуыл жауапкершілігін ешқандай террорлық топ мойнына алған жоқ. Тергеу нұсқасы бойынша, жарылысты 22 жастағы Қырғызстан тумасы, Ресей азаматы Акбаржон Жалилов жасаған. Терактіні Аброр Азимов ұйымдастырды деп есептейді ресейлік құқыққорғау органдары. Азимовтың өзі бұл айыптарды жоққа шығарды. Қазір ол тергеу абақтысында отыр.

Петербургтегі терактіге қатысты іс бойынша барлығы 10 адам ұсталды.

Абай-ақпарат

0 пікір