Жұма, 29 Наурыз 2024
Анық 7122 50 пікір 21 Сәуір, 2017 сағат 15:47

Елбасы мақаласындағы басты мәселелер назарға ілікпей қалуы мүмкін

Ерекше әсер қалдырған мақаланы ең бірінші дұрыс талдауымыз керек. Өйткені, талдауға ден қоймай, тек жақсы жазылғанын ғана айтар болсақ, мақаладағы басты мәселелер назарға ілікпей қалуы мүмкін. Елбасының бұл мақаласы – жүйелі, бағдарламалық жоспар.

Меніңше, мұнда екі бағыт бар. Біріншісі, жалпылық бағыт. Яғни, рухани құндылықтарға мән беру. Бұл жерде қоғаммен ақылдасу, пікірлесу бар. Заман талабына сай рухани жаңғыру. Бұл жұмысты қоғамдық ұйымдар, Ғылым академиясы, Жазушылар одағы атқарады. Екіншісі, нақты, прагматикалық бағыт. 100 кітапты аудару, «Туған жер» сияқты мемлекеттік бағдарламаларды жасау. Бұл іспен Үкімет айналысады. Осы істің бәрін қоғам өз назарында ұстауы тиіс. Өйткені, Елбасының барлық тапсырмасы өзі ойлаған деңгейде және қоғамның да талабына сай орындалып отыруы қажет. Ешқандай көзбояушылық әрекеттер болмауы керек. Зиялы қауымның алдында тұрған тағы бір мәселе, осының бәрін орыстілді ортаға түсіндіру жұмыстары. «Рухани жаңғыру бұл қазақ халқының жаңғыруы ма, әлде Қазақстанның жаңғыруы ма?» деген сұрақтар қойылып жатыр.

Әрине, бұл ең алдымен, қазақтың рухани жаңғыруы. Маған ерекше әсер еткен бір сөйлемді айтайын. Елбасы: «Егер жаңғыру елдің рухани ұлттық тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды», деді. Бұл ең бірінші басшылыққа алатын дүние. Ғалымдар, ақын-жазушылар нақты ұсыныс жасап, Үкіметке тапсыру керек.

Дос КӨШІМ, саясаттанушы

Abai.kz

 

50 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3541