Жұма, 29 Наурыз 2024
3793 0 пікір 21 Сәуір, 2017 сағат 10:03

Сот Петербургтегі теракт туралы істегі күдікті Акрам Азимовты қамауға алды

Мәскеудің Басман соты Санкт-Петербург метросындағы терактіні ұйымдастыруға қатысқан деген күдікпен ұсталған Акрам Азимовты 3 маусымға дейін қамау туралы шешім шығарды.

Сот отырында Азимов өзінің терактіге қатысы жоқ екендігін мәлімдеді. Адвокатының мәлімдеуінше, ол әрекетінің терактімен байланысты екенін білмеген. Дегенмен тергеуші тергеу кезінде Акрам Азимов өзіне және бауыры Аброрға қатысты куәлік еткенін мәлімдеді.

Акрам Азимовты Федералдық барлау қызметі 19 сәуірде Мәскеуде ұстады. Күдіктіден граната табылған. Оған теракт жасауға қатысқан және заңсыз қару сақтаған деген айыптар тағылды. Күдіктінің анасы оның ұсталуын алдын ала ойластырылған қойылым деп атады.

Бір күн бұрын сот Акрам Азимовтың бауыры Аброр Азимовты қамауға алды. Оған да теракт ұйымдастырды деген айып тағылды. Сотта Аброр Азимов тағылған айыптарды жоққа шығарып, шабуыл ұйымдастыруға қатыспағанын мәлімдеді. Оның адвокаты да солай дейді. Теракт туралы іс бойынша тоғыз күдікті ұсталған.

3 сәуірде Петербург метросының вагонында теракт болып, 14 адам қаза тапты және 50-ге жуығы жараланды. Шабуыл жауапкершілігін ешқандай ұйым мойнына алған жоқ.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1570
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3564