Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
3601 1 пікір 21 Сәуір, 2017 сағат 10:01

Қазақтанда терроризмді насихаттады деген күдікпен 11 адам ұсталды

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарымен бірге арнайы операция жүргізіп, Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстарында терроризмді насихаттаған және діни араздық туғызған деген күдікпен 11 адамды ұстады.

"Төрт радикалды топтың жолы кесілді, олардың мүшелері Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ халықаралық террористік ұйымын қолдауға шақырған және материалдар таратқан", - делінген ҰҚК хабарламасында. ДАИШ - "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы.

ҰҚК хабарламасына қатысты басқа да дереккөздерден хабар түскен жоқ. Бұған дейін хабарланғандай, ИМ сапында жүздеген Қазақстан азаматы Сирияда соғысып жүр.

Абай-ақпарат

1 пікір