Жұма, 29 Наурыз 2024
Жалқы сұрақ 4230 1 пікір 14 Сәуір, 2017 сағат 13:57

Қырғыз депутаты латынға көшуді ұсынды

Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты Қаныбек Иманалиев қырғыз әліпбиін латынға көшіру керек деген ұсыныс айтыпты.

Жақында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында "2025 жылға дейін қазақ әліпбиін латынға көшіру" керек деді.

Әдетінше, бөтен елдің ішкі ісіне араласып, бүлік салмаса, басы ауырып, балтыры сыздайтын Ресей баспасөзі  Назарбаевтың мақаласына қатысты сын айтуға білек сыбана кірісіп кетті.

Оларға қосылып, "Орыс әлемінен"адасып қаламын"  деген Смирнова дейтін депутат жылап-сықтады. Мейлі, шарбағымызға тас лақтыратын көршіміздің бұл қылығын бұрын да көргенбіз.

Енді жақында, Алатаудың арғы бетіндегі қырғыз бауырлар (депутаттары) Президент Назарбаевтың бастамасын қолдап, кирилицадағы қырғыз әліпбиін латынға ауыстыру керектігін айтыпты.

"Түркіменстан, Өзбекстан көшті. Енді міне Қазақстан да латынға ауысып жатыр. Білемін, қазір біздің бюджетімізде бұған ақша жоқ. Бірақ, 2030-2040 жылдары мұны жүзеге асыруға әбден болады ғой", - дейді депутат Қаныбек Иманалиев.

Қырғыздың оппозициялық "Ата-мекен" партиясының өкілі биылдан бастап латын тілі мамандарын әзірлей беру керектігін айтқан.

"Кирилицадан бас тарту - ұлттың біртектілікті сақтап қалудың жолы", - дейді Қаныбек байке.

1991 жылдан бері қырғыз жұртының  латынға ауыспақ болған бірнеше талпынысын білеміз. Әуелі қазір Ресейде босып жүрген экс-президент Асқар Ақаев қолдамады.

Содан кейін, 2008 жылы басшы Бакиевтің билігі тұсында Қырғыз Республикасының Білім министрі латынға көшу ұсынысын кері қайтарған.

Енді Президент Назарбаевтың бастамасын іліп әкету үшін Жоғарғы Кеңес депутаты Қаныбек Иманалиев ұсыныс айтты. Арагідік Мәскеуге барғыштап тұратын, тіпті орыс пен қырғыздың гимнін шатастырып алып жүрген Алмазбек Атамбаев депутат Иманалиевтің ұсынысына не жауап айтады? Атамбаев мырза кімді қолдайды? Түркі жұртына жіті таныс латынға ауысуды бастап кеткен Назарбаевты ма, әлде Солтүстік Корея мен Сирияның авторитар басшыларын ашық қолдайтын Кремль қожайыны Путинді ме?

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

 

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1570
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3563