Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3200 0 пікір 2 Маусым, 2009 сағат 05:49

Ербақыт Амантайұлы. «ӨЗІМЕ ДЕ, ӨЗГЕГЕ ДЕ ЖОҚ!» дейтін Бұрынғы саяжай иелерінің ұстанымы түсініксіз

Биыл Қызылжар қаласының бір мыңнан астам тұрғыны бос жатқан саяжайларды тегін алып, мамыр айы келе жерге картоп пен көкөніс егуге кіріскен болатын. Бес-алты жыл қараусыз қалып, арам шөп басқан саяжайлар тазаланып, қираған қоршаулары да жөнге келтірілгенін айта кеткен жөн.  Бірақ, қазір ойламаған жерден кейбір саяжайлардың бұрынғы иелері табылып жатыр.
Зайра Өкенова есімді қала тұрғыны тегін саяжайлар беріліп жатқанын естіп, алғашқылардың бірі болып біреуін алған болатын. Отбасына қажетті көкөністерді егіп те қойған. Енді, міне, жақында оның бұрынғы иесі пайда болып отыр. Тиісті құжаттарын да көрсеткен.
Бұл мәселе бойынша қалалық жер қатынастары бөлімінің бастығы Тілеубай Есжановқа жолыққан болатынбыз.
– “Жерді өмір бойы иеленуге,  мұраға қалдыруға құқық беретін мемлекеттік акт". Оның аты қалай ұзын болса, жыры да сондай. 1994 жылы қала бойынша 50 мың тұрғынға осындай актілер беріліп, олар саяжайларға иелік еткен еді. Бірақ, бұл құжатта саяжайдың нақты қай жерден берілгені мүлдем көрсетілмеген. Кадастрлік нөмірі жоқ. Әділет органдарына апарып тіркетпеген. Сондықтан саяжайдың бұрынғы қожайыны осы екі бет қағазды қалалық жер қатынастары бөліміне дәлел ретінде ала келсе, онда мемлекеттік орган актінің күшін жою туралы шешімді ғана шығара алады – дейді ол.

Бұл жерде саяжайлардың бұрынғы иелерінің ұстанымы сәл түсініксіздеу болып тұр. Өздері бес-алты жыл ол жерлерге ештеңе отырғызбаған, қараусыз болған соң басындағы үйлер мен қоршаулары да әлдеқашан қираған. Енді оған жан бітіруге келген азаматтарға жұмыс істеуге кедергі келтіріп отыр. Өзі де істемей, өзгеге де бермей отырғандардың дені қаусаған қариялар екенін де айтқан жөн.
Құжаттарын қолына ұстап, “саяжай менікі” деп жетіп келген бұрынғы қожайындар әр саяжайшылар қоғамында пайда бола бастауда. Екі оттың ортасында қалған тұрғындардың мәселесін шешуге қалалық жер қатынастары бөлімі ат салысуы тиіс. Әділ шешім үшін сотқа да жүгінуге болады. Бірақ, қалалық әкімдік мамандары бейбіт жолды таңдап отыр. Бөлім бастығы Тілеубай Есжановтың айтуынша, бірінші кезекте шағымдана келген екі жақты кездестіріп, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі екен. Жаңағы қолдарында мемлекеттік актілері бар тұрғындар жердің заңды егелері болып табылмайды. Ол үшін оларға әділет органдарына барып, кадастрлік нөмір алулары қажет. Өздері саяжайда жұмыс істегілері келмеген жаңағы азаматтардың кейбірі бәрін түсініп, өздері еңбек етпейтін болғандықтан жерлерінен бас тартып жатыр. Араларында бақай есепке салып, ақша талап етіп отырғандары да бар.
Қалалық әкімдікке осы мәселеге байланысты 5 шағым түсіпті. "Ромашка" саяжайшылар қоғамының төрағасы Александр Ромашкин да 5-6 жылдан кейін пайда болған қожайындардың бірнешеуімен кездесіпті. Біздің қоғамға олар үшін енді жол жабық дейді ол.
– Бізде осындай 4-5 оқиға орын алды. Егер саяжай 4 жыл бойы иесіз жатса, онда біз қалалық әкімдікке құжаттарын тапсырамыз. Былтыр біз 400-ден астам саяжайды иесіз деп жарияладық. Сондықтан, бұрынғы қожайындардың келіп, бізге құқықтарымызды бұздыңдар деп атой салуы дұрыс емес. Біз жаңадан келген саяжайшылар жағындамыз, – дейді  "Ромашка СҚ" саяжайшылар қоғамының төрағасы Александр Ромашкин.
Любовь Заваленкова есімді қала тұрғыны "Ромашка" қоғамында саяжайға биыл ғана иелік етті. Маңайды қалыпқа келтіріп, жерді өңдеп, картоп салып қойыпты. “Мына саяжайды осындай күйге түсірген бұрынғы қожайыны келсе, мен оған жерді бермеймін. Өйткені, соңғы бір ай бойы осында жұмыс істеп, ертең менің отбасыма азық болатын картоп, қияр, қызанақтың тұқымын егіп қойдым. Кім терін төгіп еңбектенсе, жер соныкі” дейді ол.
Қызылжар қаласының шетіндегі игерілмей жатқан 6 мың саяжай учаскесінің 1100-н жаңа адамдар иеленіп отыр. Олар биыл жерді жалға алған болып есептеледі, ал келер жылы саяжайды ресми түрде өздерінің аттарына түсіре алады.

Солтүстік Қазақстан облысы

0 пікір