Сәрсенбі, 13 Қараша 2019
Жаңалықтар 1724 0 пікір 6 Сәуір, 2017 сағат 09:00

Санкт-Петербургте Орталық Азия елдерінен шыққан 6 адам ұсталды

Санкт-Петербургте Орталық Азия елдерінен шыққан алты адам "экстремистік ұйымдар қатарына адам тартты" деген күдікпен ұсталды деп хабарлады Ресей тергеу комитеті.

Тергеу болжамынша, күдіктілер 2015 жылдың қарашасынан осы күнге дейін Санкт-Петербург территориясында негізінен Орталық Азия елдерінен шыққан азаматтарды "Ислам мемлекеті" және "Джабхат ан-Нусра" экстремистік ұйымдарының қатарына қосылуға және террористік қылмыстар жасауға үгіттеген".

Тергеушілер әзірге ұсталғандардың Санкт-Петербург метросында болған терактіні жасаушымен таныстығы я байланыста болғаны туралы мәлімет жоқ дейді.

Комитеттің 5 сәуірде таратқан ақпаратына қарағанда, күдіктілер бүгін тергеушілердің Федералдық қауіпсіздік қызметі мен ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің бірлесе жүргізген тергеу және жедел іздестіру шаралары нәтижесінде ұсталған. Аты-жөндері аталмаған күдіктілер Ресейге жұмыс істеуге барған.

Дүйсенбі күні Петербург метросында жарылыс болып, 14 адам қаза тапты, ондаған адам жараланды.

Абай-ақпарат

0 пікір