Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3762 0 пікір 4 Сәуір, 2017 сағат 15:56

Алматы метросында қауіпсіздік күшейтілді

Алматы метросында Санкт-Петербург метрополитенінде болған терактіден кейін қауіпсіздік шарасы күшейтілді.

Алматы метросы жолаушыларын кіреберісте мұқият тексеруден өткізіп, бақылауды күшейтті, әскери апаттан құтқару қызметі де тексеруді жиілетті деп жазады жергілікті БАҚ.

Метроның көлік қауіпсіздігі қызметі ішкі істер басқармасымен бірлесіп қауіпсіздік шараларын өткізіп жатыр.

Алматы метрополитені 2011 жылдың аяғында іске қосылған. Қазіргі уақытта тоғыз станция жұмыс істейді.

Abai.kz

0 пікір