Жұма, 19 Сәуір 2024
Билік 4018 13 пікір 4 Сәуір, 2017 сағат 12:29

Назарбаев Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Санкт-Петербург қаласы метросындағы жарылыс салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 «Бұл оқиға қабырғамызды қайыстырды, Ресей Федерациясы халқының ауыр қайғысына шын ниетімізбен ортақтастығымызды білдіреміз», – делінген жеделхатта.
Мемлекет басшысы қаза болғандардың туыстары мен жақындарына барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.
Абай-ақпарат

 

13 пікір