Жұма, 29 Наурыз 2024
Апат 6029 6 пікір 3 Сәуір, 2017 сағат 18:54

Петерборда жарылыс болды. Теракт па, әлде?..

Петербор метросында жарылыс болды, деп хабарлайды "Абай ақпарат" порталы.

Петербор метросында жарылыс болған уақытта РФ Президенті Владимир Путин Петерборда болған. Ол Медиа форумға қатысқан. Оқиға орнына бармақ болған Путинді РФ Федералды қауіпсіздік қызметі метроға түсірмеген.

Путиннің метроға баруына Белоруссия Президенті Александр Лукашенко да қарсы болған.

Петербор қаласының «Сенная площадь» және «Технологический университет» метроларында жарылыс болды.

«РИА Новости» деректеріне сүйенсек, жарылыстан 50-дан астам адам зардап шеккен.

ТАСС таратқан ақпараттарға құлақ түрсек,  қаза таптандар саны 10 адамға жетті.

Жарысыл Мәскеу уақыты бойынша 14:30 шамасында болған. Қазір Петербор Прокуратурасы істі тексеруді бастады.

Ресей Президенті жарылыста қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Петербордағы шетін оқиға әлі теракт деп мойындалған жоқ.

Оқиға орнына келген құтқару қызметінің мамандары таратқан ақпараттарға сүйенсек, метрода қолдан жасалған бомба жарылған.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3597