Сейсенбі, 25 Ақпан 2020
Жаңалықтар 1255 0 пікір 1 Маусым, 2009 сағат 18:21

Қырғыз-өзбек шекарасында айрықша жағдай режимі сақталуда

Алматы. 1 маусым. ҚазТАГ – Өзбекстанның Әндіжан облысында 2009 жылдың 26 мамырындағы лаңкестік әрекеттерден кейін қырғыз-өзбек шекарасында енгізілген айрықша жағдай режимі әлі де сақталуда, деп хабарлайды «Ферғана.ру» Қырғызстанның шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Шекара маңындағы өзбектің Ханабад қаласында жасалған бірнеше террактіден кейін және осы аттас шекара бекетіндегі атыстан кейін қырғыз және өзбек шекарашылары мемлекеттік шекараны қорғаудың күшейтілген режиміне ауыстырылды. Өзбекстан Қырғызстанмен шекарада сауытты техникамен бірге мотоманеврлік топтарды орналастырып, Әндіжан облысын республиканың басқа аймақтарымен байланыстыратын жолдарды жауып тастады. 28 мамырда қырғыз жағы жағдайдың қалыпқа келгеніне байланысты Өзбекстанмен шекараны қорғаудың әдеттегі режиміне көшетіні туралы мәлім етті», - деп хабарлайды агенттік.

Қырғызстандық шекарашылардың айтуынша, өзбек басшылығы мемлекеттік шекара арқылы Сох және Шахимардан анклавтарының тұрғындары болып табылатын Өзбекстан азаматтарын ғана өткізіп жатыр және «Сох және Шахимардан анклавтарының азаматтарына Ферғана облысының ішкі аудандарына қарай қозғалуына шектеу енгізілген».

Қырғызстанның шекара қызметінің атап көрсетуінше, «шекара маңындағы өзбек  халқының арасында өткізу бекеттерінің, жолдардың жабылуына байланысты наразылық өршуде».

Демаркациясы әлі күнге дейін аяқталмаған қырғыз-өзбек шекарасы Ферғана алқабының халық көп қоныстанған аудандары арқылы өтеді және кейбір жерлерде елді мекендерді қақ жарып өтеді, сондықтан жергілікті тұрғындар базарға бару үшін шекараны кесіп өтуге мәжбүр.

Қырғызстан оңтүстігінің және Бішкектің тұрғындары шекараның жабылуынан зардап шеге бастады: республикаға Өзбекстаннан жеткізілетін ерте пісетін жеміс-жидектің бағасы қымбаттап кетті.

0 пікір