Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5252 3 пікір 31 Наурыз, 2017 сағат 11:45

Храпуновтың ісі  Калифорния сотында қаралатын болады

Калифорниядағы АҚШ-тың   апелляциялық соты Виктор Храпуновтың ісіне қатысты Қазақстанның позициясын қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Қазақстан Республикасы АҚШ-тың сотын өз позициясының дұрыс екендігіне көз жеткізе білді. Аталған шешім жемқорлықпен күрес саласындағы үздіксіз жұмыстың нәтижесі болып табылады. Енді Алматы қаласының Храпуновтарға қарсы шағымы Калифорния сотында қарастырылатын болады.", - деді Әділет министрлігіндегілер.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының әкімдігіт бұрынғы  әкім  Храпуновты 2014 жылы сотқа берген еді. Дереккөзі таратқан ақпаратқа қарағанда, сотқа шағымданушы жақ айыпталушының есеп-шоттарын жауып, заңсыз жолмен табылған қаржынының барлығын Алматы қаласының қазынасына қайтару керектігін мәлімдеген. Виктор Храпунов пен оның әйелі Ләйлә Храпуноваға қатысты Қазақстанда ұзын саны 24 қылмыстық іс қозғалып, қызмет бабын асыра пайдаланды, алаяқтық жолмен бюджет қаржысын жымқырды, заңсыз жолмен нысандарды жекешелендіріп,  заңсыз кірістерді заңдастырып алды, пара алды, ұйымдасқан қылмыстық топты құрды және оларға жетекшілік етті деген айып тағылған болатын. 2008 жылғы сәуірде храпуновтар Швейцарияға қоныс аударған болатын. Ал 2012 жылы қазанда Виктор Храпуновтың әйелі - Ләйләға ірі көлемді алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған еді деп жазады kaz.tengrinews.kz / сайты.

Абай-ақпарат

3 пікір