Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4074 0 пікір 30 Наурыз, 2017 сағат 09:17

Әлемнің әдеби картасында Қырғызстан мен Қазақстан атынан Айтматов ұсынылды

Британдық The Independent басылымы әлемнің әбеди картасын шығарды. Онда Қырғызстаннан әлем әдебиетінің классигі Шыңғыс Айтматовтың "Жәмила" повесі ұсынылған.

Бұл картада Қазақстанды Айтматовтың тағы бір шығармасы - "Ғасырдан да ұзақ түн" ("The Day Lasts More Than a Hundred Years") романы таныстырады.

Басылым осы шығармалар арқылы басқа да мәдениеттерді жақынырақ білуге болатынын жазды.

Өзбекстанды - Том Бисселдің "Теңізге шығар жол" шығармасы, Тәжікстанды - Андрей Волостың "Хуррамабад" романы, ал Түркіменстанды - Ак Вельсапардың "Айпи туралы аңыз" шығармасы арқылы тануға болады. Ресей атынан Лев Толстойдың "Бейбітшілік және соғыс" романы ұсынылған. Картаға әлемнің 197 елі енген.

Абай-ақпарат

0 пікір