Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2923 0 пікір 1 Маусым, 2009 сағат 18:18

Қазақстанда рейстердің жартысынан көбі кешігеді: себеп - әуе кемелерінің жетіспеушілігінде – көлік және коммуникация министрлігі

Астана. 1маусым. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Қазақстанда әуе рейстерінің жартысынан астамы кешігіп жүзеге асырылады. Бұған  әуе кемелерінің жетіспеушілігі басты себеп болып отыр, деп хабарлады көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов.

«Бұл сервисте рейстердің кешігуі 53% құрайды. Бұл тұрғыда басты кінә  халықаралық және ішкі желілерде ұшатын ұлттық әуе тасымалдаушы («Эйр Астана» - ҚазТАГ) және басқа да әуе компанияларында. Өкінішке орай, олардың паркі жеткілікті деңгейде емес, сондықтан бұл ұшақтарды тәулік бойы түрлі бағыттарда пайдалануға тура келеді», - деді ол дүйсенбі күні мәжілістегі үкімет сағатында депутаттардың сұрақтарына жауап бергенде.

Осыған байланысты, егер әуежайлардың бірінде ауа райы жағдайлары өзгерсе, осының салдарынан бір рейстің кешігуі бүкіл кестені өзгертеді, деп мәлім етті Ә. Құсайынов.
«Сондықтан біз «Эйр Астанмен», басқа да әуе компанияларымен паркты толықтыру үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз», - деді министр.
Көлік және коммуникация министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, биылғы жылдың қаңтар-сәуірінде Қазақстанда жолаушылардың әуе тасымалы 2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11 пайызға төмендеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2278
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596