Жұма, 26 Сәуір 2024
Әдебиет 6481 4 пікір 29 Наурыз, 2017 сағат 14:27

"Құдай ұлтты "жиендерден" сақтасын!".

«Қазақстанда 400 мың этникалық қытай өмір сүріп жатыр...»(www.abai.kzсайтынан 28.03.2017 жыл).

 ...«SOS!» белгімен!

Дабыл қағам, Ұлтым-ай!

Иіс сезгіш тазым қайда, кіл құмай?

Іштен шыққан «шірігіңнің» қолымен,

У емес пе, ұсынған кім құлпынай?..

 

 Ұлт Намысы, жатқандай ма, қан-қан боп?

Бұл Қазақта басқа бір жол қалған жоқ!

Еркек болсын, әйел болсын, әр Қазақ:

«Мен, Қазақпын!» деп сезінсе, арман жоқ!..

 

Арман көп пе, біздің Қазақ жетпеген,

Тар жол көп пе, әлі кешіп өтпеген?

Басқаларға не сылтаумен Намысын,

Өз еркімен бермесе екен деп келем!

 

Құдіретті - қандай емнен, дәріден,

Құдіретті - бағзы заман, әріден,

Ұлт Намысы – қай кезде де Қазақта,

«БІРІНШІ!» боп тұру керек бәрінен!

 

Ілік-шатыс, негізі жоқ, заты жоқ,

Кеуде соғып: «мен!» дейтіндей аты жоқ,

Ұлт Намысын жоғалтқан ұлт, ешқашан,

Өлсе де айтам, Ұлт болуға хақы жоқ!

 

Кірмелермен бола ма тек босуға?

Бола ма өзі «ұлт азды» деп шошуға?

Жат ұлттардан бала тауып отырған,

Ол байғұқсты бола ма Ұлтқа қосуға?..

 

Көз жіберсем, тарихқа үңіле,

Деректер көп сабақ болар тіріге...

Кешегі Ғұн, кешегі Үйсін елінің

Кілең жиен жеткен екен түбіне!..

 

Бір үрейден, миым неге мұздады?

Бір үрейден, жүрек неге сыздады?

Соңғы кездер, сол үрдістер жалғасып,

Кімге тиіп жатыр Қазақ қыздары?..

 

Бұл Қазаққа алмай жүрген біріге,

Үлгі алатын нәрсе еместей тіріге...

Шығыс тұстан шапқан кілең ЖИЕНДЕР,

Жетпес пе екен, Қазағымның түбіне?..

 

Не Үміт бар, тағы Қазақ сорлай ма?

Тек жағы жат, жиен оны қорғай ма?

Кешегі Ғұн, кешегі Үйсін елінің,

Қателігі - Ұлтқа сабақ болмай ма?..

 

Қауіпті айтып, мен кіміңе жағайын?

Қу ауызды енді қалай бағайын?

«Құдай Ұлтты «жиендерден» сақтасын!..»-

Деп, өкініп жүрмейміз бе, ағайын?..

 

Жұмаш Көкбөрі

Abai.kz

4 пікір