Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 5258 0 пікір 28 Наурыз, 2017 сағат 22:39

"Біз Назарбаевқа тосынсый жасағымыз келеді"

Бұны айтқан Қазақстан Республикасындағы Украина істерінің Уақытша сенімді өкіл - Володімір Джіджора.

 

Қақол жігіттердің бұлай дейтін жөні бар. Себебі Елбасының ең бір жалындаған, қайта оралмас жігіттік күндері осы елде өтті. Днепродзержинск көшелеріндегі, әйгілі Днепр жағалауындағы естен кетпес күндердің белгісі - әсем музыка. Сол кездегі классикаға айналған «Киевский авангард», ағайынды Платон мен Георгий Майбородтар, К. Данькевичтің әндері болашақ Президенттің жанына жылулық сыйлағаны анық.

 

Ал енді тосынсыйға келер болсақ. Ол - ЭКСПО көрмесі кезінде украиналықтар Елбасыға өзі сүйіп тыңдайтын украиналық әншілерді әкелмекші екен. Тосынсый болатынының өзі сонда, қақолдар нақты кімдерді әкелетінін әлі айтқан жоқ. Бұл шынымен де Президентіміздің жастық шағын есіне алар, айтарлықтай сый болатын секілді.

Ержан Жаубай

 

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір