Сәрсенбі, 23 Қазан 2019
46 - сөз 3457 0 пікір 27 Қаңтар, 2015 сағат 20:30

17 МЛН.ды АЗЫҚ-ТҮЛІКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚИЫН БА?

Ұлттық Кəсіпкерлер Палатасы «Атамекен» атауын қайта алыпты... Аты өзгергенше, заты өзгермей ме? Кəсіпкерлерді ұлардай шулатқан мүшелік жарна мөлшері төмендепті... Өткенде блогерлермен болған кездесуде Мырзахметов мырза (суретте) азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты қатты күйіп-піскен: «Біздегі 17-ақ млн халықты азық-түлікпен өзіміз-ақ қамтамасыз етуімізге болады ғой... Өйтпейді, өйткені анау жақтағылар дұрыс жұмыс істемей отыр. Бұл оп-оңай жұмыс» деген сарында. Бірақ, Мырзахметовтың өзі сейсенбі сайын Үкімет жиналысынан қалмайды екен. Өзі және Бақытжан Сағынтаевпен күнара телефонмен сөйлесіп, ой бөліседі екен. Олай болса, халқымызды отандық азық-түлікпен қамтамасыз етуге байланысты əлгі ішін удай ашытқан мəселесін көтерсін. Жұмыстың кем-кетігін айтып, жұмыс істеуге кедергі жасап отырғандардың атын атап, түсін түстеп, отандық өніммен қамтуға арналған мықты бағдарлама түзсін... Қасында Құлыбаевы бар, Үкіметі, одан қалды өз командасы мен отандық кəсіпкерлерден құралған армиясы бар... сол мəселені іске асыруға не кедергі? Құлыбаевтың арғы жағында «менмұндалап» Президенттің төбесі көрінеді... Көпшіліктің қолы түгіл, үні жетпей жүрген жер бұған «доступно» екен - флаг в руки, «оп-оңай» жұмысты жасасын!

Дина Төлекова.

(Жазба автордың Фейсбуктегі парақшасынан алынды)

0 пікір