Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4974 0 пікір 3 Ақпан, 2015 сағат 09:30

АРМЕНИЯ АРМИЯСЫ ӘЗЕРБАЙЖАНҒА ШАБУЫЛ ЖАСАДЫ

Армения армиясы Әзербайжан майдан желісіне шабуылдады деп хабарлайды Түркияның TRT арнасы Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сүйене отырып.  Армян әскерлері Әзербайжанға  зеңбірекпен шабуылдап, зымырандардан оқ атқан. Армян әскерлерінің зеңбірек және зымырандармен жасаған шабуылында 1 әзербайжан әскері шейіт болды.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Қазақ аймағындағы майдан желісінде шыққан қақтығыста 6 армян әскерінің көз жұмғанын жариялады. Олар  миналар көмілген аумақтан Әзербайжан қорғандарына өтуге ұмтылған көрінеді.

Министрліктің мәлімдемесінде Әзербайжан армиясының майдан желісін бақылауда ұстап тұрғаны және Армян әскерлерінің шабуылдарына тойтарыс беруге дайын екені айтылады.

Абай-ақпарат

0 пікір