Сәрсенбі, 17 Сәуір 2024
46 - сөз 5289 0 пікір 19 Ақпан, 2015 сағат 11:12

АБЫЛАЙХАННЫҢ БҰҚАР ЖЫРАУДЫ ТОҚТАТУЫ

Қайым Мұхаметхановтың кітабынан оқыған бір дерек: «Абылай хан ауырып, нашар жатқанда, «Мәшһүр Бұхар жыршы келіп, бұл шиғырды сөйләміш: «Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай,

Қайырусыз жылқы баққызған, ханым-ай,

Қалыңсыз қатын құшқызған, ханым-ай,

Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам,

Сонда қалар ма екен, қайран жаның-ай! – деп және сөйлемек болғанда, хан көзін ашып, тоқта деп ишарат етеді де: «Мен жұртыма осы айтқан үш қызметтен басқа пайда келтіргем жоқ. Егер бұдан артық сөйлесең, мен мақтанған (Махрұр) болармын, сен жалғаншы боларсың», – дейді. (Құрбанғали Халидұлы, «Тауарих хамса», Қазан,1911. )

(Жазба журналист Бауыржан САБЫРБЕКОВТЫҢ facebookтегі парақшасынан алынды)

0 пікір