Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Өз сөзім... 7693 0 пікір 24 Ақпан, 2015 сағат 01:56

«ОҚЫМАҒАН» ОРАЛМАННЫҢ ОҚИҒАСЫ

Оралман... Осы сөз Сіздерге қайдам, менің құлағыма түрпідей тиеді. «Елім, жерім» деп, келген қандастың кеудесінен итергендей әсер етеді. Жә, орысша білмейді, «оқымаған оралман» дегенді жиі-жиі естиміз...

«Иттің боғы дәрі болса, дарияның ар жағына барып тышады» дегендей, әлемдік тілдер арасында статусы жоқ орыс тілін білмеді дегеніміз елдігімізге сын емес пе?! Шет елден оралған «оқымаған оралмандар» қытай, ағылшын, француз, испан, парсы, мұңғыл, өзбек тілдерін жете меңгергеніне талай көз жеткізген едім... Тіпті, Гуанжоу, Гонконг қалаларында өзіме тәржіман болып, көмектескен де еді. Швейцарияда тұратын қандасымыз жеті тілде сөйлесе, Данияда тұратын қандасымыз Хажы Аюби он тілде еркін сөйлейді және әлемдегі ең беделді компания қаржыгер-сарапшы (финансовый эксперт) болып істейді. Канадада тұратын қандасымыз да бес-алты тілде сөйлейтінін өздеріңіз «Фейсбуктен» оқып жүрсіздер... Сонда қалай, отыз жыл орыстың осырығын иіскеп жүрген шенеуніктер өз тілін білмегені былай тұрсын, алыстағы ағайынды «оқымаған оралман» деуі - сол адамдардың «білімділігінің» және нигилист пен маргиналдың «жоғарғы» сорты екенінің көрінісі емес пе?!

Айтпақшы, әлемде шілдің қиындай шашылған қандастарымызды елге әкелу ең көкейкесті мәселелердің бірі болуы керек. Себебі, Атазаңымызда «Мемлекеттің бірінші байлығы - сол мемлекеттің адамдары» делінген. Олай болса, адам капиталын баста назарда ұстаймыз десек, барлық қазақты бір идеяға біріктіріп, бір мемлекетке жинау керек шығар?! Бірақ...
Көші-қон заңындағы олқылықтар мен бюракратия оған кедергі болып отырғаны. Елдегі қиыншылыққа шет елдегі қиыншылықтарды қосыңыз. Мысалы, Қытайдағы қазақтарға елге келіп, қайта барып қырықтай мекемеден құжат жинау керек екен... Виза ашу, келіп-кету, және біздегі бюракратия мен жемқорлық екі өгіздің арасында шыбынды емес, ҚАНДАСЫМЫЗДЫ өлтіріп жіберетіндей көрінеді...
P.S. Құдай сақтасын, мемлекетаралық шиеленіс бола қалса, Қытай Украинадағы «буферная зона» сияқты қандастарымыздың құлындағы дауысын құраққа ұшыратын бір «саясат» ұстап отырған жоқ па деген ойға да қаласың!

Советқазы НҰРСИЛА.

Абай.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3516