Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4927 0 пікір 24 Ақпан, 2015 сағат 13:59

Конституциялық Кеңес: ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫН ӨТКІЗУ - ЗАҢДЫ!

«2015 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Республика Парламентінің Сенаты Төрағасының Қазақстан Республикасы Конституциясының Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау мәселелерін реттейтін 41-бабының 3-1-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтініші бойынша нормативтік қаулы қабылдады» деп хабарлайды ҚР Конституциялық Кеңесінің баспасөз қызметі.

БАҚ-қа жолданған хабарламада «Конституциялық Кеңес, Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабы 3-1-тармағының нормасын, Қазақстан Республикасы Президентінің Президенттің кезектен тыс сайлауын жеке-дара тағайындауға айрықша құқығы бар деп түсінген жөн. Елбасының Президенттің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы шешім қабылдауына Республика Конституциясы қандай да бір шарттар мен шектеулер қарастырмайды. Мұндай сайлау тағайындау туралы шешім қабылдағанда Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-тармағында қарастырылған, Қазақстан Президентінің сайлауы мерзімі жағынан Республика Парламентінің жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиіс деген ереже ескерілуі керек», деп түсіндірді» делінген.

Абай-ақпарат.

0 пікір