Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Қоғам 6747 0 пікір 25 Ақпан, 2015 сағат 20:21

26 СӘУІРДЕ - САЙЛАУ!

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс Сайлауы биылғы жылдың 26 сәуірінде өтетін болды.

Бүгін Ақордада бірқатар мемлекеттік органдар басшыларымен кеңескеннен кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс Сайлауын биылғы жылдың 26 сәуірінде өткізуді белгілеу туралы Жарлыққа қол қойды.

«2016 жылы өтуі тиіс Президент сайлауы ел Парламентіне өтетін сайлаумен қатар келуіне байланысты Конституцияға қайшылық әкеледі. Сондықтан Конституциялық кеңестің толық сараптауынан өткеннен кейін, Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге заңды негіз бар деп шештім», - деді Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада бірқатар мемлекеттік органдары басшыларымен кеңескеннен кейін.

Еске сала кетейік, ел Президентінің сайлауын кезектен тыс өткізу туралы бастаманы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі ұсынған болатын. Еліміздегі қоғамдық ұйымдардың дені бұл бастаманы бір ауыздан қолдап отыр.

Абай-ақпарат.

0 пікір