Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4219 0 пікір 2 Наурыз, 2015 сағат 16:48

РЕСЕЙ ЖАНАРМАЙЫНА ТЫЙЫМ САЛЫНА МА?

Қазақстан Ресейден дизельдік отын мен бензин тасымалына 45 күндік мерзімге конвенциялық тыйым салмақшы.

Бұл туралы Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті. 

-­ Бұл ретте айта кетерлігі, біз жыл сайын Ресей Федерациясымен индикативтік балансты келісіп отырамыз, тыйым бір жағынан осыған да байланысты. Ал оған сәйкес, біз баж салығынсыз бұған дейін белгіленген мөлшерде жанар-жағармайда алатын боламыз, - деді М.Мырзағалиев.

Оның айтуынша, биыл Қазақстан Ресеймен 1 млн. 100 мың тонна бензин мен 760 мың тонна дизельдік отын алуға келіскен. 
«45 күндік мерзімге конвенциялық тыйым салынғанымен, оның бензин бағасына әсері болмауы тиіс. Тек 45 күннен кейін біз бұл тыйымды алып тастауымыз мүмкін, осылайша жанар-жағармайдың нарығы жыл бойына реттеліп отырады», - дейді Энергетика вице-министрі.

Абай-ақпарат. 

0 пікір