Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3869 0 пікір 1 Маусым, 2009 сағат 08:43

Ардақ Беркімбаев. Анашаның қызығын қашан көреміз?

Ұлыбританияның GW Pharma фармацевтикалық компаниясының мамандары марихуанадан дәрі-дәрмек шығаруды өндірістік жолға қоймақ. Компанияның зерттеулер департаменті мамандарының айтуынша, сора құрамының 60-70 пайызы адам психологиясына әсер ететін заттарға жатпайды. Марихуана экстрактілері қатерлі ісік, эпилепсия мен шизофрения, семіздік пен қан қысымын емдеуде пайдаланылуы мүмкін. Бірінші кезекте марихуана негізінде крем шығарылғалы отыр. Эндоканнабиоид, адам ағзасынан бөлініп шығатын зат, марихуананың компоненттеріне өте ұқсас. Бұл тері ауруларының барлығын дерлік емдеуге болатын дәрі жасап шығаруға мүмкіндік береді.
Шыңғыс Айтматовтың білдей романына арқау болған еліміздің Шу өңірін марихуанасы мен гашиші арқылы әлем біледі. 138 мың гектарды алып жатқан алқаптан жылына 145 мың тонна марихуана мен 6 мың тонна гашиш өндіруге болады. Осы өндірілген есірткі заттары қара нарықта жүздеген миллион долларға бағаланады. Соның салдарынан Қазақстан есірткі тасымалдайтын транзиттік ел ғана емес, оны өндіретін алып аймаққа да айналды. Есірткіге қарсы қарқынды күрес жүргізіліп жатқанымен, қара нарықтағы қымбат баға оны дайындаушылар мен сатушылардың қарасын азайтпай отыр. Наша алқаптарын өртеп, улы химикаттар себілгенімен де одан тек  жануарлар мен құстар өлуде. Ал есірткі шөптері бұрынғы қалпында  жайқалып өсіп тұр.

Осы мәселелердің бәрін ескере келе, ел үкіметінің бастамасымен Жамбыл облысының Шу қаласында 2004 жылы есірткі шөптерінен халық тұтынатын тауарлар шығаратын зауыт құрылысы қолға алынған болатын. Қазақстан мен Германияның біріккен FESO Textile кәсіпорыны салмақшы зауыт құны 54 млн долларға бағаланды. Өндірістің басты бағыты – жабайы сорадан мата, автомобиль өндірісіне қажетті материалдар дайындау. Тіпті одан жасалатын материалдар әйгілі Mercedes көліктерінде қолданыс табады деп күткен едік. Жоба жетекшілерінің айтуынша, бұл мата түрі мақтадан жасалған матадан еш кем түспейді. Әлемдік автоөндіріс дамыған сайын біздің дайындаған техникалық сипаттағы маталарымызға да сұраныс жоғары болады деп түсіндірген еді. Сонымен қатар зауыт болашақта техникалық талшықтар, құрылыс заттарын, косметикалық өнімдер шығаруды жоспарлады. Меже бойынша зауыт құрылысы 2005 жылдың соңында аяқталып, екі жылдан кейін толық қуатында жұмыс істейді деп болжанған еді. Жоба іске асатын болса, заңсыз есірткі айналымы мен пайдалану азаяды, жергілікті жерде жаңа жұмыс орындары ашылып, ел экономикасына табыс әкеледі деп күттік.
Өкініштісі, басталған іс аяқсыз қалды. Мемлекеттік органдар тарапынан берілетін техникалық-өндірістік келісімдер мен рұқсат беретін құжаттардың дайын болмауына байланысты зауыт құрылысы белгісіз мерзімге шегерілді. Осылайша, өзіміз «бір оқпен екі қоянды атып алатын» мүмкіндігімізге тұсау салып отырмыз.
Осы ретте экономист-ғалым Тоқтар Есіркепов: «Қоғамға қаншама зиян әкеліп отырған есірткіні халыққа пайдалы затқа айналдыруды қайткен күнде де іске асыруымыз керек. Шу алқабындағы жабайы түрде өсіп-өніп жатқан есірткі шөптерді өнеркәсіпте пайдалансақ, ұтылмасымыз анық. Зауыт құрылысының аяқсыз қалуын «пайда бермейді» дегендіктен тоқтап қалды деп ойламаймын. Бізде бюрократиялық кедергілер де, кәсіпкерліктің дамуына зиянын тигізетін жағдайлар да көп. Дамыған елдердің біразы мұндай өсімдіктерді өздері өсіріп, пайдасын көптеген салаларда көріп отыр. Қай жағынан да пайдалы шаруадан бас тартпағанымыз абзал», – дейді.
Демек, біз тіпті атын атауға именетін, «қара сора», «анаша», «травка», «шала», «центр», «план», «әнжубас» деп атауын неше шаққа жүгіртіп «еркелететін»  ортаазиялық каннабиоид Cannabis indica  жергілікті марихуана адамзат игілігіне қызмет етуге дайын. Мыңдаған адамдардың тағдырына көлеңкесін түсіріп отырған аса зиянды табиғат құбылысымен тек қарадүрсін жолмен ғана күреспей, оны өз игілігімізге бағындыру үшін заманауи технологиямен жарақтанып, әлемді тамсандыратын жол табуға өзіміздің ниет-құлқымыз бен қажыр-қайратымыз ғана жетіспей отырған тәрізді.
Керек дерек
Қазіргі таңда сора (конопля) Голландия экономикасына қызмет етуде. Мұнда шикізаты есірткі шөптерінен тұратын екі зауыт бар. Автокөлік өнеркәсібіне арналған талшықтар, қағаз, жіп, мата, май, тіпті шоколад өндіріледі екен.
Тарихи дерек
Шу алқабында сораның қай уақыттан бері өсіп жатқанын ешкім тап басып айта алмайды. ХVIII ғасырдың аяғында Түркістан губернаторы генерал Колпаковский үнді сорасының ұрығын алдырып, құм көшін тоқтату үшін өсірткен. Ал өзінің нашалық сапасымен белгілі үнді сорасы жаңа ортаға бейімделіп, сапасы күшейе түскен. Осыдан болар, Шу алқабының есірткі шөптері қара нарықта жоғары бағаланады.

Ардақ Беркімбаев, Алматы қаласы
«Алаш айнасы» 30 мамыр 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590