Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 7508 0 пікір 26 Наурыз, 2015 сағат 19:03

«ШАНШАР» НЕ АЙТПАҚ БОЛДЫ?

Ресейлік Гордон деген журналист "Камеди клабтың" ыржақайларын хабарына шақырып: "Бұны не үшін істейсіңдер? Мәні неде?" деген мазмұндағы сұрақтар қойыпты. Онысынан түк шықпады. "Камеди клабтың" ыржақайлары ыржаң-ыржаң етіп, әңгіменің дәмін кетірді. Жалпы бәтуасыз адаммен берекелі сұхбат құру беймүмкін істерден дүр. Бірақ соларың жай әшейін ыржаңдап жүрген жоқ, жастардың санасын улап жүр. Жеңіл күлкімен "жеңіл" өмірге тартады. Зардабы орасан.
Оны қойшы. Өзіміз ше? Осы біздің күлкінің жағдайы қалай? Өткенде досымның көңілін қимай "Шаншарға" бардым. Шынымды айтсам жалпы осы күлдірем деп бүлдіріп жүргендерден жерінгеніме біраз болған. Қойылымның басы бір "жігіттің" кластасына "сен менің қатыныма ғашықсың, е" деген пәтуасыз сөзін арқау еткен көрініспен басталды. Бір әшейін сөз емес, бұ көріністің барысында бұл сөз он рет, бәлкім, жиырма рет қайталанады. Арасында күйеуінің айтағымен кластас жігіт келіншектің етегіне жармасады. Күйеуі бұған мәз болады. Сонда "Шаншар" осы көрініс арқылы не айтпақ болды екен?" деп ойланып қалдым. "Шаншардың" осы өнерге сіңірген еңбегін жоққа шығарсам, әділетсіздік болар еді. Мынауы - әдептен озғандық. Осыны ескерсе. Деп қоям да. Шынайы күлкі адамды рахаттандырып, жанын жадырататыны бар ғой. Менің басым ауырып қайтты. Жоқ әлде жүрегім бе екен, а?!

 

Абай ҚАЛШАБЕК.

 

(Жазба автордың facebookтегі парақшасынан алынды)

0 пікір