Жұма, 29 Наурыз 2024
Мәйекті 11643 0 пікір 27 Наурыз, 2015 сағат 11:38

ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМДАР ТІЛДІ БЫЛЫҚТЫРЫП БОЛДЫ

Мен Қазақстан Республикасы ғалымдарының «батырлығына» таң қаламын... Ешнәрседен қорқу, тайсалу дегенді білмейді. Әсіресе, қоғамдық ғылым саласындағылар. Олардың басым көпшілігі «дәл осындай», «көрдім», «оқыдым», «таныстым» деп «жазған» (дұрысы құрастырған немесе «вставил» дегендей нұсқада) «ғылыми» жұмыстарында сан жоқ!

Ондай жұмыстардың басым көпшілігі көрші елдің ғылыми еңбектерінен өздері аударған немесе ақыға аудартқан бір дүниелер... Құрастырылған жұмыстар да ғылыми еңбектер тізіміне кіргізіліп, саналып, сол үшін халықтың байлығынан белгілі қаржы-қаражат алынып та жатыр. Құрастырылған жұмыстарды «жариялауға болады, құнды» деп қабылдап жатқан басылымдар да жеткілікті. Осындай тәжірибеден саналы да сапалы дүние туып, қазақстандық ғылымның дамуы мүмкін бе?

Қазақ тіліндегі не аударма еңбектердің және оларды жариялайтын ғылыми басылымдардың сапасы осы мақаланың объектісі болып табылады. Мақалада қателер сол күйінде, олардың бірде-бір позициясы өзгертілмей берілді. Жалпы және ғылыми этика талаптарына сай, бірде-бір автордың аты-жөні көрсетілмеді. Қызығушылық болып жатса, оларға қол жеткізу қиын емес.

Жоғарыда көрсетілгендей, мысал есебінде қоғамдық ғылымдар басылымдары алынды. Мақала біздің «ғалымдарға» ұсақ-түйектік болып көрінуі мүмкін. Бірақ осы мақалада көрсетілгендей, қате-кемшіліктерді магистранттармен қатар доценттердің, докторлардың, тіпті академиктердің де еңбектерінен кездестіруге болады!

Мақала мысалдары ретінде олардың атаулары мен қолданылынған әдебиеттер тізімі ғана алынды. Сондықтан мәтіндегі қателердің басым көпшілігі тың күйінде қалды. Оған қоса, келтірілген мысалдар қазақ тіліне сәйкестігі тұрғысынан ғана қарастырылды. Осы мақалалар мен басылымдардағы қателердің көптігі сонша, бір ғана мақаланың құқықтық, филологиялық, экономикалық және т.с.с. аспектілері бірнеше ғылыми мақаланың объектісі бола алады.

Саны жоқ қателер ішінде адасып кетпеу үшін оларды кесте түрінде берген орынды деп санадым (талап бойынша реттік нөмірі болуы қажет, бірақ «бірінші не екінші қате» деген орынсыз болар). Оларды жүйелеп беруге де болатын еді, мысалы, аударма, стильдік, көшірме, авторлық құқықты бұзу және т.с.с. негіздер бойынша. Бірақ ондай жағдайда, басты объект – ғылыми басылымдар назардан тыс қалып қояды. Ал оларды, яғни қателерді, оқтай боратып жатқан басылымдарды ғылымға қатысы бар көпшілікке таныстыру қажет. Ел өзінің «қаһармандарын» білуге тиіс!

Оқырманға түсінікті болуы үшін кездестірілген қателердің кейбіреулері, оның өзінде де, мақала тақырыбы – аңдатпа – түйін сөздер – әдебиеттер тізіміне ғана қатыстылары көрсетілді. Сонымен қатар, кейбір мысалдарға оқырманның көзін жеткізу үшін, орыс тіліндегі нұсқасы да қоса берілді.

Осы мақаланы жазуға «Правовая реформа в Казахстане» журналы себеп болды. Оның 2013 жылғы № 3 (63) санындағы орыс тіліндегі мақалаларға берілген ғылыми категориялар аппараты мен қызметтік ақпараттардың қазақ тіліндегі нұсқаларында сапа деген атымен жоқ! Ал қазақ тіліндегі кейбір мәтіндер мен сөйлемдерді тілді қорлау деуге тұрарлық!

Бұл журналдың талаптарында аннотация (аңдатпа) жоқ, резюме ғана көрсетілген. Барлық мақалаларға аудармашы машина қоса салған «Бұлақты сөздер» дегенді ешкім түсінбейді. Жіберілген қателердің көптігі сонша, оларды тізіп беруге мүмкіндік жоқ! Онда мынадай қателер кездеседі (мәтін бойы ерекше көрсеткен мен. – Н.П. Келтірілген мысалдардың барлығы қате, сондықтан олардың бәрін ерекше көрсету қажет. Мұндай мақаладан, мысалдардан принтердің бояуы қымбат!):

Қателер

Түсініктеме

«Конституция – қоғам мен мемлекеттің даму стратегиясына негіз»

Тақырып қазақша емес. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі ұйымдастырған халықаралық ғылыми-практикалық конференция туралы ақпарат. Бұл іс-шараның дұрыс тақырыбы Конституциялық Кеңестің веб-сайтында орналастырылған

Аңдатпа: автор парламенттің қызметінің бер көзқарас оның конституциялық мәртебесінің қарайды, неден оның атқаратын қызметтерінің бүктетіледі және құзыр, ана болоның өкілдігінің совокупность.

Бұлақты: сөздер: парламент, парламенттік тексерістің институты, законодательные атқаратын қызметтерім.

Біріншіден, аңдатпа ғылыми мақаланың алдында беріледі. Екіншіден, мұндай машиналық аударма қазақ тілін қорлау болып табылады! Қос нүкте дұрыс қойылмаған. Бұл мәтіндегі дұрысы – нүкте!

... құқықтың ортақ ұстанымдары

Қате аударма

Аңдатпа: автор правоприменения мәселелерін ара қатынас құқықтың және адамның еркіндігінің жүзеге асуы бейбіт публичных іс-шараның жасара шарттар қазіргі бұқарашыл мемлекеттің қарайды.

Бұлақты сөздер: азаматтың қоғамының, публичные бейбіт іс-шаралар, саяси құқықтар.

Машина аудармасы – қазақ тілін қорлау!

Бұл мәтіндегі дұрысы – нүкте!

Аңдатпа: автор мемлекетпен және ара шеңбер кепілді заңды көмектің оказания бүктетіл- жағдайды саралайтын .

Бұлақты сөздер: адвокатура, заңды көмек, ақшалы өтем, РК конституциясының, адвокат-қорғаншы, адвокат-өкіл.

Машина аудармасы – қазақ тілін қорлау! Бұл мәтіндегі дұрысы – нүкте!

Аңдатпа: автор мемлекеттілікті сияқты басты бәсті туралы өзінің келешегінің ойла- көрінген халық үшін қарайтын. Айтылмыш ұғымның тарихи анализы мемлекеттік қызметтің эволюциясін сезу қояды.

Бұлақты сөздер: құқықтықтың мемлекеттік қызметтің қалыбы, ұйымдық, идеологиялық, саяси және практикалық мемлекеттік қызметтің аспекттері.

26-беттегі осы мәтін 29-беттегі басқа автордың өзге тақырыпқа жазылған мақаласында дәл қайталанған. Авторлық тәсіл ме, әлде басылымның қулық тәсілі ме, белгісіз

Аңдатпа: авторлар мәселенің правоприменения ара қатынас тындырымды қылмысты топтың мүшелерінің, ауқымдылықтың оның айқында- және күрделіліктің зертте- және қарсыластық үшін қарайды.

Бұлақты сөздер: тындырымды айыпкерлік, көлеңкелі экономика, пәрелеу, аш көз-сарамжал- саран қылмыстар.

Машина аудармасы – қазақ тілін қорлау!

Автор өкілдіктің және заңнаманың шамасының қолданысының құқықтың артының ауқымын ара шарттар төтенше жағдайдың жарықтандырады.

Машина аудармасы – қазақ тілін қорлау!

... ша алғашқы минералдық және техногенді вторичного шикізат кешенді өңдеу стать керек, алу қой- құнды компоненты және материал мен биік үсте- құн.

Машина аудармасы – қазақ тілін қорлау!

 

Бұл қателер, еңбекті ғылыми ресімдеудің бір кішігірім бөлігі ғана, тек тілдік мәселелері. Өзге сипаттағы қателерді саралау мақала объектісіне жатпайды, бірақ олардың да мөлшеріне шек жетпейді...

Келесі мысалдар Әл-Фараби (дұрысы – әл-Фараби болар!) атындағы Қазақ Ұлттық университетінің кейбір ғылыми басылымдарынан алынды. Өкінішке орай, мұнда да қателер жеткілікті. Талданған (шындығында бір рет оқылған, егер нағыз тілдік талдаудан өтсе, мәтіндерден ештеңе қалмас еді!!!) «Экономика» сериясының 2013 жылғы № 5 (99) санында көптеген қателер мақалалар тақырыптарында да жіберілген. Мысалы:

К задаче параметрической оптимизации трансфертных кластеров / Трансферттік кластерлердің параметрлік оптималдау есебіне

Мақаланың қазақ тіліндегі тақырыбында үйлесім жоқ

Талдап айтқанда: Қазақстанда қолдануға ыңғайлы талдау әдістердің ерекшеліктері, халықаралық тәжірибеде пайдаланатын талдау әдістердің біздің отандық жағдайымызға кейбір келіспеушіліктері көрсетілген.

Сөйлем үйлеспейді

  1. Тарасевич Л.С., Гребенников П.И., Леусский А.И. Макроэкономика: учебник. – 6-е изд., испр. и доп. – М.: Высшее образование, 2006. – 654 с.

  2. Ашимов А.А., Боровский Ю.В., Нижегородцев Р.М., Новиков Д.А., Сайлаубеков Н.Т., Султанов Б.Т. Макроэкономический анализ и параметрическое регулирование на базе модели малой открытой экономики // Вестник экономической интеграции. Том 1, №7. – М.: ООО «Интеграция», 2000. – С.7-18.

  3. Статистический ежегодник Казахстана. Агентство РК по статистике, 2000-2012 гг.

 

References

  1. Tarasevich L.S. Grebennicov P.I. Leysky A.I. Macroeconomic: Uchebnik. – 6-e isd. – M.: Visshee obrasoanie, 2006, – 654 c.

  2. Ashimov А.А., Borovsky Y., Nizhegorodcev R.M., Novikov D.A., Saіlaubekov N.T., Sultanov B.T. Makroeconomicheski analiz I parametricheckoe regulirovanie na base modeli maloi otkrytoi ekonomiki// Vestnik ekonomicheskoi integratsiintegratsi. T. 1, №7,Мoskva: ООО «Inegratsia», 2000. – С.7-18.

Ctatisticheсki ezhegodnik Kasakhstana. Agenstvo RK po statistike, 2000-2012 g.g.

Қазақ тіліне тікелей қатысы болмаса да көрсетіп отырмын, өйткені осындай қателер барлық жұмыстарда кездеседі. Әдебиет тізімін ресімдеудегі қателіктер ерекше көрсетілген. Оларды қате жасаудың үлгісі деп түсіну қажет!?

  • Lawrence E. Raffalovich , Shannon M. Monnatb және Huishien Tsa (2009) [7] жүргізген зерттеулері барысында анықталғандай;

  • Pierre Fréchette [7] айтуы бойынша;

  • Sarah O’Hara мен Michael Gentile өздерінің «Household Incomes in Central Asia: The Case of Post-Soviet Kazakhstan» [8] зерттеулерінде 2000 жылдан бері Қазақстан экономикасының өсімін орта есеппен 10% сипаттайды

«Шала» не «ботқа» сөйлем

7. Lawrence E. Raffalovich , Shannon M. Monnat, Hui-shien. Family income at the bottom and at the top: Income sources and family characteristics // Research in Social Stratification and Mobility 27 (2009) 301-309.

8. Pierre Fréchette. Определение факторов распределения дохода//http://www._thecanadianencyclopedia.com/index

9. Sarah O’Hara, Michael Gentile Household Incomes in Central Asia: The Case of Post-Soviet Kazakhstan// Eurasian Geography and Economics, Volume 50, Number 3, May-June 2009, P. 327

Алдыңғы жолдағы еңбектерді ресімдеу мысалдары.

Ғылыми еңбектері күмән тудырмайтын қазақстандық бір көзден көшірілгенге ұқсайды

Ұлттық экономиканы инновациялық дамыту жағдайындағы қазақстандық мазмұнның дамуы / Развитие казахстанского содержания в условиях инновационного развития национальной экономики

Нақты аудармаға ұқсамайды

Өнеркәсіптік компанияның бәсекелестік қызметін талдау және нарыққа шығу стратегиясын тағайындау / Анализ конкурентной деятельности промышленной компаний и разработки стратегии выхода на рынок

Дұрыс аударылмаған

Концепция и методология разработки системы контроллинга... / ... контроллинг жүйесін зерттемелеу әдістемесі және концепциясы

Бұл да сондай

Law of Republic of Kazakhstan from July 21, 2011

«Law on Taxes and other obligatory Payments to the Budget»

Қазақстанда ағылшын тілінде заң қабылданбайды, сондықтан аударма емес, латын тілінде ресімдеу ғана қажет шығар, оның өзінде ол өзекті болса

Концепция управления человеческими ресурсами в сравнении с концепцией управления персоналом /Адам ресурстарын басқару және қызметкерлерді басқару концепциялардың айырмашылықтары

Дұрыс аударылмаған

Қонақүй қызметінде тұтынушылардың мінез-құлқын маркетингтік зерттеу / Маркетинговые исследования поведения потребителей гостиничных услуг

Дұрыс аударылмаған. Орыс тіліндегі нұсқасы дұрыс сияқты

Опыт вступления Китая в ВТО: тенденции экономического развития / Қытай мемлекетінің БСҰ-ға кіру тәжірибесі

Дұрыс аударылмаған және толық емес

Веселов П.В., Галаков В.И. / Vesolov PV, the Galaxy VI

В.И. Галаков несімен кінәлі болды екен?

 

Келесі мысалдар да осы оқу орнының ғылыми басылымы – «Заң сериясы» журналынан, атап айтқанда 2013 жылғы № 1 (65) санындағы материалдардан алынды.

Мемлекет пен құқық теория және тарихы

Үйлесімі жоқ атау

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» және «Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті»

Екі автордың қайсысы қате жіберген?

Зиманов С.З. Государство и контракты в сфере нефтяных операций. – Алматы, 2007. – С. 123.

Басин Ю.Г. Защита прав негосударственных участников гражданско-правовых обязательств с государством. // Юрист, №8. – 2004. – С.12.

 

Ref

Zimanov S.Z. Civitatis et contractibus in agro oleum operations. – Almaty, MMVI. P.123.

Basin Yu.G.cinium non-statu histriones civilis rerum habent immunitatem rei publicae. / / Postremo iurisconsultus, VIII. - MMIV. - C.12.

 

Маңызы жоқ, бірақ талап етілетін «References» қай тілде орындалуы қажет? Дұрысы –латын әріптерімен «транслитерация» арқылы беру шығар. Біреулері ағылшын тіліне, ал кейбіреулері латын тіліне аударылған. Тіпті жұмыс көлемін рим цифрларымен көрсету де бар. Мұның мағынасы неде және кімге маңызды?

  • 6М030100 «Заңтану» мамандығының 1 оқу жылының магистранты;

  • Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті, 3-курс докторанты;

  • І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің 2-курс магистранты;

- І. Жансүгіров атындағы ЖМУ, құқықтану мамандығының 2-курс магистранты;

  • І. Жансүгіров атындағы ЖМУ, заң факультеті;

  • ЖГУ имени И. Жансугурова, м.ю.н., ст.преподователь;

- докторант PhD 3 курса юридического факультета;

- Докторант PhD 3 курса кафедры теории и истории государства и права, конституционного и административного права;

- ЖГУ им. И. Жансугурова, юриспруденция, магистрант;

  • Талдыкорганский государственный университет имени Джансугурова, магистрант юридического факультета;

- Сүлеймен Демирел атындағы университеті ф.ғ.к. доцент, Қазақстан, г. Алматы;

- к.ф.н., ст. преподаватель Казгос женПУ;

- к.ф.н. и.о. доцента КазГос ЖенПУ;

- ҚазМемҚызПУ-дың аға оқытушы;

- Халықаралық бизнес университеті п.ғ.к. доцент, Қазақстан;

  • әл-Фараби атындағы ҚаЗҰУ-дың ф.ғ.к., доцент

Бірізділік қажет шығар!

Нормативтік-құқықтық актілер туралы 1998 ж. наурыздағы №213-1 Қазақстан Республикасының Заңы (2011.15.07. берілген өзгерістер және толықтырулармен)

Дәл осылай ресімделген заң жоқ!

Конституциялық және әкімшілік құқығы

Үйлеспейтін ұғым

Әдебиеттер

  1. «Қазақстанды демократияландырудың жаңа кезеңі – еркін демократиялық қоғамды жедел дамыту» – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі (Астана, 2007 жылғы 16 мамыр) // ИС Параграф.

  2. Байдельдинов Д.Л., Баймаханова Д.М. Н.А. Назарбаев – Конституция Казахстана – триумф демократии //Материалы международной научно-практической конференции, посвященной 10-летию столицы «Астана: триумф Казахстана и его лидера. – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – С.245.

  3. «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-III Қазақстан Республикасының Заңы // ИС Параграф

 

  1. "Қаzақstаndy dеmоkrаtialаndyrudуң Zhаnа kеzеңі – Erkіn dеmоkrаtialyқ қоғаmdy zhеdеl damytu" - Қаzақstаn Қаzақstаn Respublikasynyң Prezidenti N.Ә.Nazarbaevtyң Respublikasy Parlamenti palatalarynyң birlesken otyrysynda sөylegen sozi (Аstаnа, 2007 zhylғy Mамyr 16) / / IP Section.

  2. Bаidеldinov DL, DM Baymahanova Nazarbayev – Kаzаkhstаn’s Constitution – a triumph of democracy // International scientific-practical conference dedicated to the 10th anniversary of the capital "Аstаnа: triumph of Kаzаkstаn and its leader. – Almaty: Kаzаkh university, 2008. – P.245.

  3. "Kаzаksтаn Respublikasynyң Коnstitutsiasyna өzgerister changed tolyқtyrular eнgizu tyraly» 2007 zhylғy 21 mамyrdaғy number № 254-III Қаzақsтаn Respublikasynyң Zаңy / / IP Section.

Тізім кемшіліктерді көрсету үшін толық беріліп отыр. Бұл жерде де «References» мәселесі! Жүйесіз, қазақ әріптері сақталған «ботқа» аударма! Арасында ағылшын тіліне аударылған сөздер де бар. Мұндай масқара кімге керек? Осындай деректердің ғылыми маңызы бар ма?

Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев 2012 жылы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 27.01.2012. BNEWS.KZ.

Талапқа сай емес ресімдеу

Преступность: «борьба» или «механизм противодействия» / Қылмыс «қылмыстылықпен күрес» және «қылмыстылыққа қарсы әрекет механизмі

Дұрыс аударылмаған тақырып

«Introduction», «Main body» және «Conclusions»

Орыс тіліндегі мақаланың құрылымдық бірліктеріне ағылшын тіліндегі атаулардың қажеті қанша?

Иншаков СМ. / Inshakov C.M.

Ғалым аты-жөнінің ағылшын тілінде осылай ресімделуі мүмкін бе?

Москалъкоеа –Т.Н. Этика уголовно-процессуального доказывания. –М., 1996. –С. 35-36 // Вестник Московского государственного университета. Серия 11.

Интернеттен осылай көшірілген болар!

Ресімделуі де қате!

Применение принципа верховенства права в административном судопроизводстве / Әкімшілік сот өндірісіндегі құқық басымдылық қағидасын қолдану

Мақаланың тақырыбы қате аударылған!

Осы айтылғандардан еріксіз қорытынды шығады да, оны Р.Д. Аширов келесідей мәтінде ұсынады: « Қылмыстық процесте ... бас тарту қажет» [68, с. 72].

Жай көшірілген! Әдебиеттер тізімінде жоқ! Интернет материалы болар! Тізімде бар болғаны 13 көз көрсетілгеніне қарамастан, мақала мәтінінде 35, 63, 64, 66, 69, 70, 72, 73, 74-көздерге сілтеме берілген!

5 Уголовное право Казахстана (Особенная часть): уч. для ВУЗов / под ред. д.ю.н., проф. И.И. Рогова и к.ю.н., проф. С.М.Рахметова – Алматы: ТОО «Баспа», 2001.

6 Отчет Комитета по правовой статистике и спецучетам при Генеральной прокуратуре РК за 2006 год. Архив Прокуратуры Акмолинской области.

 

5 Criminal Law of Kazakhstan (Special Section). Ouch. For high schools, ed. Doctor of Law, Professor., II Rogov and Ph.D., prof., S.M. Rahmetova – Almaty, LLP «Baspa», 2001.

6 Report of the Committee on Legal Statistics and spetsuchetam the Prosecutor of the Republic of Kazakhstan in 2006. Archive Prosecutor Akmola region.

Оқулықтың ағылшын тіліне аударылғаны туралы мәлімет жоқ. Сонымен қатар, ағылшын тілінде «Ouch» және «spetsuchet» деген сөздер жоқ шығар!

II Rogov белгілі заңгер, ал S.M. Rahmetova деген кім?

- Есірткі, жүйкеге әсер ететін зиянды заттарды құқықтық реттеудің мәселелері / Проблемы правового регулирования наркотических средств как вредный элемент, воздействующий на психику человека;

- жүйке, апиын, көкнәр / drug, nerve opium, poppy / нерв, опиумный, мак;

- тіліктен сүт тәрізді (латекс) ағып шығады;

- Есірткі заттарды тұтынуға көндірумен күрестің қылмыстың құқық және криминалогиялық проблемалары;

- Есірткі қазіргі заман келесі. / Drugs, today’s and future era

Заңгер маман жазған деуге бола ма?

- Қазақстан Республикасы Конституциясы. – 30 тамыз 1995.;

- Назарбаев Н. Ә. Қазақстан-2030;

- Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі 1997 жылғы 16 шілдедегі №167 Кодексі;

- Criminal code of the Republic of Kazakhstan 16 july 1997 year N code 167

Ғылыми ресімдеуден хабары жоқ «ғалым» құрған тізім!

- Ұйымдасқан қылмыстылықтың қазіргі таңдағы көрінісі / Состояние организационных преступлении на современном этапе;

- Ғылыми жұмыстың мақсатына сәйкес ұйымдасқан қылмысты анағұрлым тиімді түрде алдын алу және оған қарсы күрес ісіндегі ынтымақтастыққа жәрдемдесу болып табылады;

- ҚР Жоғарғы Соты 21.06.2001 күнгі

- In the article general объекты is considered;

- Translation direction is not correct

Мұндай мәліметтерді ғылымнан хабары жоқ «ғалым» жазған шығар! Оны жариялаған басылым да соның айналасында!

«Translation direction is not correct» деген мақала тақырыбы ма, әлде машинаның жауабы ма?

Осы сөйлемді мақаламдағы барлық мысалдарға қолдануға болады! Бұл –біздің «ғалымдарға» берілген баға сияқты!

- ҚР Конституциясы. – 30 тамыз 1995;

- ҚР Қылмыстық кодексі 16 шілде 1997;

- ҚР Criminal code on 16 july 1997

Ғылыми ресімдеуден хабары жоқ «ғалым» құрған тізім!

Правовые аспекты социальной деятельности украинского государства по защите семьи / Украина мемлекетінің әлеуметті қызметінің құқықтық аспектілері

Украиналық авторлардың орыс тіліндегі еңбектерін қазақшаға аудара алмаған кімдер: аудармашылар ма әлде басылым мамандары ма?

1 Қазақстан Республикасының 1-Конституциясы. 1995. – 30 тамыз өзгеріс және 2007 21 майының толықтыруларларымен. Алматы: Заңгер, 2007.

2 Қазақстан Республикасының азаматтың кодексінің өзгеріспен және толықтыруларлармен 1995 г. 31 тамызынан, 2007 г. 7 тамызының «Заңгер» деген баспа 2007 г. Алматы.

3 Басин Ю.Г. Азаматтың құқығы. – Алматы: Заңгер, 2000.

4 Диденко А.Г. Азаматтың құқығы. Ортақ бөлік. Дәрістің курсы. «Нұр – тығыздауыш». – Алматы. 2006.

5 Чигир В.Ф. Физикалық және заңды бет сияқты азаматтың құқығының субъекттері. – Минск, 2000.

6 Азаматтың құқығы: оқулық. Ч. II / ред. Астына А.П. Сергеевтің, Ю.К. Толстого. М., 1997.

7 Азаматтың құқығының: бөлік екі. Міндеттеуші құқық: Отв. дәрісінің/ курсы. ред. О.Н. Бақшалардың. М., 1997. С. 161.

8 Азаматтың құқығының. Оқулық. Общ астына. Ред. А. Г. Калпина. Ч. 2. М. – 1999 г. Юрист.

 

Мақала авторының біліктілігі күмән тудырады. Аударма түгілі ресімдеуден хабары жоқ мұндай маманнан не күтуге болады? Машина аудармасын басылымның қабылдауына жөн болсын!

«Азаматтық құқықтың» «Азаматтың құқығына» айналғанын шатастырудың өзі «ерлік»! Ал белгілі кеңестік/ресейлік заңгер О.Н. Садиковты

«О.Н. Бақшаларға» айналдыру барып тұрған құқық бұзушылық әрі сорақылық!!!

Бұл тізімдегі дұрысы сандар мен нүктелер ғана!!?

Казахстанская правда / Kazakhstan truth. July 10, 2012

«Бояушы ... » дегеннің реті келіп тұр!

Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау мәселесі жөнінде С.С. Сартаевтың ой-пікірлері / Некоторые взгляды Сартаева С.С. по вопросам обеспечения безопасности труда и о социальной защите населения

Екі тілде де қателік бар!

1 Ләйла Байшина. Права человека и сбалансированное развитие// Заң және Заман. – 2006. – 35 с.

2 Кисилев И. Я. Сравнительное и международное право: учебник для вузов. –М: Дело, 1999. – 127 с.

3 Киселев Я. Л. Охрана труда по советскому трудовому праву. – М.: Госюриздат, 1962. – 126 с.

 

1 Lәуla Baishina. Human rightes and the balanced development of the // Zan zhane Zaman. – 2006. – 35.

2 Kiselev I.Ya., Comparative and international law. Textbook for high scools. – M. Сase,1999. – 127 p.

3 Kiselev I.Ya., Protection of labor in soviet labor law. – Moscow: Gosyurіzdat, 1962. – 126 р.

Ғылыми ресімдеуден хабары жоқ «ғалым» құрған тізім! Үш тілде де қате бар!

Киселевтер екеу болар!

Назарбаев Н. Қазақстан -2030: "Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы": Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Aлматы: Білім, 1998. – 3-96 бб.

 

N. Nаzаrbаyеv Kаzаkhstаn -2030: "Bаrlyқ қаzақstаndyқtаrdyң өsіp-өrkеndеuі, қаuіpsіzdіgі zhanе әl-аuқatynyң Artois: Еl Prеzidentіnің Kаzаkhstan halқynа Zholdauy. – Almaty: Bіlіm, 1998. – 3-96 bb.

Бұл да сондай сапада!

 

Аренс Э.А., Лоббек Дж.К. Аудит. Пер. С англ.// Серия по бухгалтерскому учету и аудиту /Гл.ред. Я.В. Соколов. –М.: Финансы и статистика, 1995. – 557 с.

 

Arens, EA, JK Lobbek The audit, Trans. With Eng. / Series on Accounting and Auditing / Ch. Ed. Y. Falcons. – Moscow& Finances and Statistics, 1995. – 557 p.

Ағылшын тіліндегі еңбекке «References» жазған автор ғалым емес, «бояушы» болар! Оған

«Я.В. Соколов / Y. Falcons» деген аударма үшін «академик» атағын беру қажет!!!

ТМД елдерінің адам саудасын жазалаудың заңнамасы және тарту әдістерін қолдану шаралары / Способы и методы вербовки и законодательство, предусматривающее наказание за торговлю людьми в странах СНГ

Екі тілде де қателік бар!

Қазақстан Республикасының заңына сайкес компьютерлік қылмыстардың субъективті белгілерін анықтау мәселелері

Қате аударма

Экономикалық қылмыстар аясындағы мұнайлы газды кешен Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша

Қате аударма

Қалыптасқан мемлекеттік жаңа қылмыстық-саяси бағыт

Қате аударма

Сот билігін жүзеге асырудың формасы ретінде сотқа дейінгі қылмыстық іс жүргізудегі соттық бақылауды қарастыру

Қате аударма

Азаматтық істің негізгі көрсеткіші мемлекеттік сатып алу сұрақтары бойынша

Қате әрі үйлеспейтін аударма

Белорус, Қазақстан және Ресей заңнамасының гармонизациялау

Орфографиялық қателер жіберілген. Қате әрі үйлеспейтін аударма

Жер қойнауын пайдалану саласындағы жалпы мінездеме және экологиялық тәуекелдердің жалпы сипаттамасы

Қате аударма

Халықаралық құқық нормаларының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамалары, оның ішінде өндірістік қалдықтармен ластану

Дөрекі қате әрі үйлеспейтін, толық емес аударма

Қазақстан Республикасында жеке меншікті мойындаудың және оның мемлекеттік жеке меншікпен теңдестірудің заңнамалық үрдісінің ерекшеліктері

Қате аударма

Преображенная степь – Алма-Ата: Кайнар, 1967

Казанцев Н.Д. Жер құқығы – М., 1971

 

Transformed steppe. – Alma-Ata: Kаynar, 1967

ND Kazantsev Jer құқyғy – Мoskow, 1971

«Formennoe izdevatel’stvo nad naukoy y yazikami!» Басқа пікір жоқ!

Азаматтардың құқығының Қазақстан Республикасында қолайлы қоршаған ортаға қалыптасуы

Қате аударма

Қазақстан Республикасының инвестициялық заңнамасын дамыту туралы сұрақ

Қате аударма

Заң пәндеріне оқыту оқу үдерісіне қашықтықтан білім беру технологияларын енгізу

Қате аударма

Жоғарыда келтірілген мысалдар себебі заңгерлер мен экономистердің тілдік біліктіліктерінің төмендігінен деуге болатын шығар. Ал, «қазақ білімінің қара шаңырағының» тіл мамандары мен өзге де филолог ғалымдар жазған еңбектердегі қателерді қалай түсінуге болады? Мысал үшін алынған «Филология сериясы» журналының 2012 жылғы № 5-6(139-140) санында тілдік кемшіліктерге сан жетпейді. Мысалы:

Ассоциативный эксперимент как средство выявления ментально маркированных концептов языкового сознания / Ассоциативті эксперимент тілдік санасының менталды таңбаланған концептілерін анықтау құралы ретінде

Қатесі бар аударма

  • Еркек /мужчина/

  • Қөңілді/веселый/

  • Қудай /бог/

  • Мәщине /машина/

«Comment «jok»!»

Р.А. Будагов Ведение в науку о языке: Учебное пособие. – М.: Добросвет-2000, 2003. – 544 с.

Киекбаев Ж. Хәзерге башкорт теле. Уфа, 2001.

Ысқақов А.Ы. Қазіргі қазақ тілі: Морфология. – Алматы, 1991. – 385 б.

 

R.A. Budagov.Vedenie v nauku o yazike: Uchebnoe posobie. Moskva: Dobrosvet-MM, MMIII. – DXLIV p.

Keyekbaev J. Hazerge bashkort corpus. Ufa, MMI.

Yskakov A.Y. Kazirgi Kazak tili: Insecta. – Almaty, MCMXCI. CCCLXXXV b.

Ғылыми ресімдеуден хабары жоқ «ғалым» құрған тізім!

 

Концепт «честь»: отражение национального характера и культуры в русских и казахских паремиях / "Абырой" деген концепт: ұлттық мінездің шағылысы қарамастан және дақылдар орыс және қазақ парамиялерде

Мақала атауын дұрыс аудара алмаған автор кім – ғалым ба әлде ...

Шағылыс не, дақыл не? Автор «мінезді шағылыстыру» арқылы оқырманның, егер ондайлар болып жатса, миын шағылыстырмай ма?

«Чапаев и Пустота» / «Чапаев және Пустота» / "Chapaev and Emptines"

Тақырып атауы немесе «Пустота» сөзі қазақшаға аударылмайды екен!!?

Қазақ прозасының зерттелуі (1970-1980 жылдарындағы еңбектер негізінде

Қазақша емес!

.... рассказы известного классика современной казахской литературы», одним из признанных классиков казахской литературы

Классиктерге «белгілі» не «танымал» деген эпитеттер қажет пе?

Роль социолингвистистических факторов в усвоении русского языка как второго / Екінші тілді меңгеру барысында социолингвистикалық факторлардың рөлі

Орыс тіліндегі нұсқада қате жіберілген. Қазақшаға толық аударылмаған

Қырықбай Аллаберген, Жарылқасын Нұсқабайұлы, Файзолла Оразай Қазақ журналистикасының тарихы. – Алматы, 1996. – 241 б.

Ресімдеу – мәселе?

Цосериу Е. 1987 . Ленгуаже ы полíтица // М. Алвар ед. Ел ленгуаже полíтицо. . Мадрид: Фундасциóн Фриедрич Еберт, Институто де Цооперациóн Ибероамерицана, 1987. П.9-31.» 159

Ван Дижк Т.А. Вхат ис политицал дискоурсе аналысис? . Амстердам, 1998

Біріншіден, автордың испан тілінде жоқ әріптерді қайдан тапқаны белгісіз!

Екіншіден, бұл –авторлар мен еңбектер атауларын қорлау!!!

Испан және ағылшын тілінде «ц», «ж», «ы» дыбыстарының жоқтығы авторға беймәлім болар!

«References» ресімдеймін деп испан және ағылшын (!?) тілдеріндегі еңбектерді орысшалаған авторды тіл маманы деуге бола ма?

Особенности перевода фразеологических единиц с анлийского языка на русский язык

Тіл маманының жазғаны осы!

Бап тіл, сонымен бірге фразеологияның есебі фразеологиялық бірліктердің сипатты белгісі, олардың аудармасының ерекшелігі ағылшын тілін орысшағы жарықтандыратын лингвистикалық пән

Қазақ тіліне еш жақындығы жоқ сөздер жиынтығы! Сонымен қатар, орыс тіліндегі мәтінге сай емес!

Махаббат мұңы / Sorrow of love

Біреуі аударады, біреуі аудармайды. Бір кем аударма...

Жұмағалиев З.Т. Шындық және көркем әдебиет. Оқулық. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 1993. – 216 б.

Zhumagaliev Zh.T. The truth and literature. Textbook. Karaganda: KarMU press, 1993. – 216 p.

Ағылшын тіліндегі нұсқа шындыққа жанаспайды!

Елубай С. «Ақ боз үй»: Роман. – Алматы: «Жазушы», 2011. – 376 бет.

Мәтінде «Ақбоз үй». Тізімді ресімдеу үлкен мәселе?


Ғылыми басылымдарды талдау оларға қойылатын басты талаптардың бірі – ғылыми ресімдеудің сапасыздығын, оларға бірізділіктің жетіспейтіндігін көрсетеді. Жіберіліп жатқан қателердің бәрі – авторлардың «ақылы мен ары». Қателердің басым көпшілігі қолданылынған әдебиеттер тізімінде жіберіледі. Кейбір қателер жүйелік сипатта деуге тұрарлық. Мақаланың ғылыми ақпараттық ұғымдарында бірізділіктің жоқтығын «түйін», «түйіндеме», «резюме», «тірек сөздер», «кілт сөздер», «кілтті сөздер», «бұлақты сөздер» сияқты дұрыс/қателі нұсқалар көрсетеді (бұлар тек кездестірілгендер, басқа нұсқалардың бар екені анық!).

Ғылыми мақаланы үш-төрт тілде ресімдеу де бұл мәселеге кері әсерін тигізіп отыр. Мысалы, үш тілдік талаптың арқасында басы бірікпейтін, бірақ түбі бір «Мәскеу», «Москва», «Moskva», «Moscua», «Moscoviae», «Мoskow» сияқты нұсқалар көп кездеседі. Ғалымдар мен осы салаға жауапты мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар ғылыми көзқарастардың көптілігімен, көпнұсқалылығымен, ал ресімдеудің бірізділігімен күшті екенін түсінбейтін сияқты... Сонымен қатар, қолданылған әдебиетті транслитерациялаудың да ережелері бар. Халықаралық ғылыми қатынастар да, басылымдар да бірізділік саясатын ұстанады. Оған да көңіл аудару қажет. Жас ғалымдарға транслитерациялау әдістерін үйрету де артық болмас.

Мақаладағы қазақ тілі тұрғысынан талданған тақырыптар мен әдебиеттер тізімі олардың барлығында дерлік қате бар екендігін көрсетеді. Оларды жоюға тырысу қажет, әрине. Сонымен қатар, ғалымдар мен басылымдарға құқыққа назар аудару керек, өйткені ғылыми еңбекті ресімдеуге тілдік талаптармен қатар, құқықтық талаптардың да қойылатыны белгілі. Ол да үлкен мәдениеттіліктің бір құраушысы. Ал бізде... Қазақстанның «батыр» ғалымдары еңбекті «жазу» мен қате ресімдеудің құқықтық салдарын елемейтін сияқты.

Мақалада қоғамдық ғылым мәселелері ғана қарастырылды. Басқа жағдайлармен қатар, осыдан келіп Қазақстанда қоғамдық ғылым бар ма деген мәселе туындайды. Көшірмеден қанша айналдырсаң да, сапалы ғылым шықпайтынын қашан түсінер екен қазақстандық «ғылыми» қауым? Тек тізім мен шен-шекпенге керек жерде ғылымның атымен болмайтынына осы мақала материалдары да куә бола алады деп ойлаймын. Өкінішке орай, мақалада көрсетілген мәселе мен мысалдар мұндай «дүниелердің» бір бөлігі ғана...

Қазақстан Республикасында ғылыми маңызы нөлге тең немесе жақын аударма дүниелерді қаптату процесі жалғасып жатыр. Жаңа жүйенің жаңартқан ешнәрсесі жоқ әзірге. Жарияланып жатқан жаңа жүйелік «еңбектердің» басым көпшілігі «анау андай деді» мен «мынау мындай дедінің» айналасында. Оның өзінде де тек көшіріп алу тұрғысынан, сондықтан біздің ғылым «интернеттеу» мен «ресейлеуге» ұста болып алды!

Қоғамда ғылымға деген сенім қалмады. Кейбіреулерге ол болашақ шен үшін ғана керек болып тұр. Ғылыми мақала жазу – copy+paste+басып шығарумен шектелуде. Онымен айналысу үшін ғылымға жақын тақырып, қажетті шрифт пен кегль, қажетті теңгесі төленген болса жеткілікті. Мысалы, ғылыми басылымдар түсіну/түсінбеуге қарамастан «инновация» деген сөзі бар мақалаларға толы. Оның үстіне жарияланғандардың барлығы дерлік ресейлік көздерден көшірілгендер. Қолданылды деген кейбір әдебиетті Астана не Алматы түгілі, Ресейдің өзінен табу қиын. Осылайша «батырлықпен» жасалатын ғылымға әзірше шек болмай тұр... Мен қазақстандық «ғалымдардың» батырлығына тағы да қайран қаламын...

Қорытынды орнына... құқықтық нормаларды былай қойғанда, адами нормаларды ысырып, қорықпастан ғылыми мақала, әдебиет тізімін құратындар «ғылыми ар не этика» деген қасиетті қашан бойына сіңірер екен?

Осылай ғылыми жұмыс жасап жатқан «ғалымдар» мемлекеттік шен-шекпендерден де құр алақан емес. Бейресми, осындай жағдайды мемлекет те қолдайды дегенге келуге болады. Сонда ғалымдар кімді алдап жүр? Бұл салаға жауапты мемлекеттік орган мен мемлекет атауын иеленген қоғамдық ұйымның да үнсіз қала беретіні өкінішті. Олар қоғамға керек пе? Бірін-бірі марапаттап, үлде мен бүлдеге орап, бірі біріне дүниені дүр сілкіндіретін эпитеттер тағып жатқан ғалымдардың бірде-біреуі Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының соңғы өткен сайлауының қорытындысына арналған «Пластиковый Тарлан», десят за три или данные об ученых как объект научного анализа» деген мақалама жауап бере алмады! Бұл осындай қоғамдық ұйым басшылығының да, оның мүшелерінің де өз пікірлерінің жоқтығының айғағы деп ойлаймын.

Мақаламды ҒЫЛЫМ мен АР ұғымдарының сабақтас екенін естен шығаруға болмайды, оны бізден басқалары әлдеқашан дәлелдеп қойған деп қорытындылаймын. Осыған орай, біз оларға қашан жетеміз деген сұрақ пен оларсыз қоғамның да, мемлекеттің де дамуы мүмкін емес деген тұжырым нағыз ғалымдар арасында қосымша ой туғызар деп үміттенемін.

Қолданылынған әдебиет:

1 Правовая реформа в Казахстане. 2013. № 3 (63).

2 ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. 2013. № 5 (99).

3 ҚазҰУ хабаршысы. Заң сериясы. 2013. № 1 (65).

4 ҚазҰУ хабаршысы. Заң сериясы. 2013. № 2 (66).

5 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. 2012. № 5-6 (139-140).

6 Аль-Пари. 2013. № 1, 2.

7 Қазақстанның ғылымы мен өмірі. 2013. № 1-2 (19).

8 Қазақстанның ғылымы мен өмірі. 2013. № 5-6 (21).

 

P.S. Бұл мақала өткен жылдың мамыр айында дайындалған болатын. Содан бері, маған қатысты емес себептерге байланысты, жариялауға мүмкіндік болмады. Жариялауға көмектесеміз деген құрылымнан да жауап болмады.

Өкінішке орай, бізде ғылыми мақаланы орналастыруға жол жоқ болып тұр. Мұны Қазақстан «ғылымы» мен шенеуніктерінің қырсықтығы деп те ұғынуға болады. Ғылым сапасы туралы шындық ешкімге керек емес сияқты. Кең көлемді мақаланы да жариялауға ешкім алмайды...

Шындығында «ғылым» үшін Қазақстанда кемі бес-алты беттік бір нәрсе терілсе, құрастырылса болды. Оған қоса, жариялауға кемі 2 (екі) мың теңге болса да жетіп жатыр... Осындай саясаттың арқасында бізде ғылыми бос кеңістік қалыптасты...

Мақалада көрсетілгендей қателер қазір де жалғасып жатыр. Мысалы, «Среди них можно назвать такие стратегии, иницируемые Ректором КазНУ им. Аль-Фараби академиком Г.М. Мутановым как «Айналы Нұрландыр», «100 кітаб», «Аңдатпа: осы мақала өзгешеліктерге құқықтықтың ретте- жылжымайтын мүлік оның бол- барлық кезеңдерінде арнаулы. Бұлақты сөздер: жылжымайтын мүлік, мәміле, меншіктің құқығының», «Аңдатпа: елдің экономикалық ынтамақтастығы, дүниежүзілік экономиканың қатай- жаһандануы, мемлекеттік шекараның өшір-, қаңбақтай дамы- халықаралық сауда аумақтау және сауда қатынастың күрделендір- соң собой повлекли сыртқы сауданың өсуі к, нешінші халықаралық мәміле алып сан деген келтірген, к өкініш, емес ылғи тиісті бейне кел-, ана ең шатақ маңызды сан шақырта және сауда әлемдік қоғамдастық ізде-ту- айтыс-талас рұқсат үйлесімді жол қинай» сияқты «ғылыми» сөйлемдер мен ұғымдар Қазақстан ғылымын одан әрі «байытып» жатыр. Мұндай «байлық» кімге керек?

 

Нұрзада Примашев,

заң ғылымдарының кандидаты.

Астана қаласы.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3555