Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 8715 0 пікір 28 Наурыз, 2015 сағат 01:12

Бауыржан батыр: «КӨЗДЕРІҢДЕ ОТ ОЙНАП ТҰРСЫН!»

Бауыржан МОМЫШҰЛЫ жастарға:
"Ұрыссам – бойларыңдағы мінді көріп қалып ұрысамын. Көрген кемшілікке көз жұмып қарау – қасиетімде жоқ нәрсе. 
Өмірде ЖАЛТАҚ болмаңдар, біреудің АУЗЫНА ҚАРАП, соның АЙТҚАНЫНА КӨНІП, АЙДАУЫНДА ЖҮРУДІ ІЗЕТТІЛІК осы екен деп ЖАҢСАҚ түсінбеңдер!!! Үлкеннің айтқанын екі етпеу, сөзге тоқтау – сыйластықтың, әдептіліктің әліппесі екені рас. Бірақ тек сонымен шектеліп қалушылық жас адамға пайда бермейді. 
Оған қосымша өзіңнің КІСІЛІГІҢ, жол білер АЗАМАТТЫҒЫҢ болуы керек. Әйтпесе біреудің айтқанына көніп, айдауымен жүру немесе «барып кел, шауып келдің» адамы ретіндегі қолбала болу ЖАСҚАНШАҚТЫҚҚА, КІРІПТАРЛЫҚҚА ұшыратады. 
Сендер бейқұт, жақсы заманда уызға жарып туған ұрпақсыңдар. Сондықтан БАТЫЛ болыңдар, жүректеріңде ЖІГЕР, көз­деріңде ОТ ойнап тұрсын!!!"- депті... 

(Жазба Жандос Лесбекұлы Өстемірдің facebookтегі парақшасынан алынды)

0 пікір