Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
46 - сөз 6186 0 пікір 28 Наурыз, 2015 сағат 11:30

БАСПАНАДАҒЫ БАССЫЗДЫҚ немесе БАНКТЕГІ БЫЛЫҚТАР

Бір қаланың халқындай халқы бар Қазақстан үшін баспана мәселесі баяғыда шешілуі керек еді. Бірақ... Барлық гәп сол бірақта болып тұр. Көптеген шенеуніктер мен әкім-қаралардың банкпен тікелей болмаса жанама байланысы бар екенін халық жақсы біледі. Біріншіден, олар банкирлер арқылы қаражатын заңдастырса, екіншіден, сол қаржысын пайыз арқылы еселей түседі. Қулығына құрық бойламайтын БАНКИРЛЕР нешетүрлі айла-шарғыға баратынын қарапайым халық біле бермейді. Қоңырқай ғұмыр кешіп жатқан, қаржылық білімі аз қандастарымызды банк арқылы сүліктей сорып жатқанын қаржыгерлер ашық жазбайды... Оның себебі де бар! Мысалы, банкпен келісім-шарт көбіне біржақты жасалатынын көріп жүрміз. Яғни, депутаттар арқылы заңдастырып алғаны белгілі болды... "ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ" халықтың қамын қалай ойлап жатқанын енді сараптай беріңіз. Көзге көрінбейтін пайыздар туралы бір бағдарламада айтқан да едім. Сол ток-шоуға бірде-бір банкир келмеді. Ең көкейкесті мәселе - жиырма жылға ипотекаға алған пәтеріңізге он тоғыз жыл бойы қаражат төлеп келіп, жиырмасыншы жылы төлемесеңіз, банктің тартып алуға құқығы бар... МВФ-тен (ХВҚ) екі-үш пайызбен алған несиесін халыққа жиырма пайыздан артық беріп отырған банктер болашақты ойлайды деген аулақпын. Егер ипотека тоқтаса, онда жүздеген мың пәтерлер нарыққа шығады да, нарық заңы бойынша пәтер өз бағасына сатыла бастайды...
P.S. Қазақ атам: - Қанағат қарын тойдырады, қанағатсыз жалғыз атын сойдырады, - дегенді осындай тойымсыз, қомағай пенделерге байланысты айтқан болуы керек. Дегенмен, баспананың баламалы бағасы болатыны күмәнсіз!!!

Советқазы НҰРСИЛА.

(Жазба  автордың facebookтегі парақшасынан алынды)

0 пікір