Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4819 0 пікір 30 Наурыз, 2015 сағат 12:44

ЗИЯЛЫЛАР БАСҚОСУЫ – ЖАСАМПАЗДЫҚ ДИАЛОГІ

Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысының кітапханасында «Бейбітшілік пен жасампаздық диалогы» атты Қазақстан мен Ресей зиялылары форумының отырысы өтті.

Іс-шараны «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен «Қазақстан азаматтық альянсы», «Еуразиялық мониторинг» талдамалық зерттеулер орталығы (Қазақстан Республикасы), «Север-Юг» саяси орталығы (Ресей Федерациясы), «Еуразиялық зерттеулер институты» даму қоры (Ресей Федерациясы) ұйымдастырды. Оған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының депутаттары, қоғамдық және ардагерлік ұйымдардың жетекшілері, академиялық қауымдастық, жастар ұйымдары мен БАҚ өкілдері, сонымен қатар Қазақстан мен Ресейдің алдыңғы қатарлы сарапшылары мен танымал қоғам және саяси қайраткерлері қатысты.

Қазақстан Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Бағлан Майлыбаев форум қатысушыларын құттықтап, сөз сөйледі.

Жиын қатысушылары атап өткендей, Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында Тәуелсіздік жылдары Қазақстан экономикалық қуатты, саяси тұрақты мемлекет ретінде сәтті дамуда. Елде ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі қалыптасты. Жыл сайын Қазақстанның халықаралық сахнадағы беделі артып келеді. Сарапшылар Қазақстанның экономикалық қуатының қоры мол екенін атап өтті. Оған, ең алдымен, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты кепіл бола алады.

Кездесу қатысушылары Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру бойынша, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдау саласындағы сәтті тәжірибесіне ерекше тоқталды.

Жалпы, жиында «Қазақстан-2050» стратегиясын одан әрі іске асыру Қазақстанға экономикасының даму қарқынын сақтап, ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуға мүмкінідк береді деген ортақ пікір айтылды.

 

Абай-ақпарат.

 

Зиялылар форумын құру туралы қарар

(Астана қаласы, 30 наурыз 2015 жыл)

 

Біз, ғылым, білім, мәдени қауымдастық, азаматтық қоғам институттарының өкілдері,

Қазақстан мен Ресейдің тарихи қалыптасқан берік байланысын назарға алып,

қазақстандық-ресейлік гуманитарлық-мәдени ынтымақтастық маңызды өзара тиімді әлеуетке ие деген нық сеніммен,

мәдениет, білім, ғылым, ақпарат және бұқаралық коммуникация, спорт, туризм және жастармен жұмыс саласындағы гуманитарлық ынтымақтастықты дамуты мен нығайтудың маңыздылығын сезініп,

мемлекеттеріміздің ұлттық дәстүрлерін, тілдері мен мәдениеттерін өзара байыту және еркін дамытудың жоғары маңыздылығын түсініп,

бірлесіп күш салу арқылы барша еуразиялық кеңістікте экономикалық және әлеуметтік ілгерілеуді, ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етуге деген ұмтылыспен,

тұрақты жұмыс істейтін пікіралмасу алаңы ретінде Қазақстан мен Ресей зиялыларының форумын құру туралы шешім қабылдадық.

Қарар Астана қаласында (Қазақстан Республикасы) 2015 жылғы 30 наурызда қазақ және орыс тілдерінде қабылданды. 

0 пікір