Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4827 0 пікір 1 Сәуір, 2015 сағат 09:03

«ҚАЗАҚИЯ-2015» БЛОГ-САПАРЫ: ЕЛІҢДІ ТАНЫ!

Қазнетте «Қазақия-2015» байқауының іріктеуі басталады. Бұл туралы аталған жобаны ұйымдастырушылардың бірі Рахат Жақсыбай өзінің Facebook парақшасында жариялады.

«Қазақия-2015» – Қазақстанның сегіз облысы мен қаласын қамтитын блог-сапар. Шарт бойынша 14 күн ішінде он екі стансаны шойын жолмен басып өтетін байқау қатысушылары интернет ресурстарда (әлеуметтік желі) сапар барысынан жолжазба жариялауы тиіс. Басқаша айтқанда, блог-сапар мақсаты – елімізді жаңа қырынан танытып, қазақтілді интернет кеңістікті сапалы мәтіндік, бейне, фото контентпен толықтыру. 

«Қазақия-2015» жобасының жүлде қоры – 1 000 000 теңге. Оған сапалы интернет-контент жасай алатын, әлеуметтік желі белсенділері қатыса алады.

Байқау іріктеу кезеңдерін қоса алғанда, 26 наурыз бен 24 сәуір аралығында өтеді. Блог-сапардың өзі 10 сәуір мен 24 сәуір аралығына жоспарланған.

Қатысушылардың еңбегі интернеттегі жазбасының тартымдылық индексімен, қазылар алқасының бағалауымен анықталады.

Байқаудың іріктеу шарттары мен блог-сапар туралы ақпаратты «Қазақия-2015» жобасының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан табуға болады.

Жобаға Altel 4 G GSM компаниясы демеушілік етуде.

Абай-ақпарат.

0 пікір