Сәрсенбі, 17 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5965 0 пікір 30 Қыркүйек, 2010 сағат 05:07

Алаш жұртына ашық хат

Аяулы Алаш баласы! Сен үшін тағы да қол ұстасып, тізе қосып, тарихи әділетсіздікке қарсы атой салар күн туды! Қас дұшпаннан сүйемдей жерін қорғаған Ата қазақтың қызыл қаны, Ана қазақтың көзінің жасы сіңген қасиетті қазақ даласы - Алаш ұрпағының жер жаралғалы Алладан бұйырған жәннатты мекені, қасиетті жері - мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы!

Ендеше мызғымас мемлекетіміздің іргелі бір қаласы - пиғылы арам отарлаушының қорыққаннан салған қамалының атымен Алаш жұрты азат ел болғалы жиырма жыл өтсе де аталып келуі кімге сын?

Алаш баласы, саған сын!

Өз билігіңді өз қолыңа алып, Ата қазақтың арманы мен мақсатының үзілген жолын жалғап, өшкенің жанып, өлгенің тіріліп қайта түлеп, қайта туғандай болып жатқан азат заманыңда Қызылжардың Петропавл, Керекудің Павлодар атанып жаттың тілінде жасап келе жатқаны кімнің намысына тиеді?

Алаш баласы, сенің намысыңа тиеді!

1752 жылы Ресей патшалық өкіметі қазақ жерін отарлауды одан әрі жалғастыру және жеделдету мақсатында әскери қорғаныс  үшін қазақ жерінің солтүсігінде Петр мен Павел атты шадиярлардың (апостолдардың) атымен қамал салған. Сөйткен Ресейдің патшалық өкіметі де, патшалық өкіметтің бодандық саясатын өктем жалғастырып өңмеңдеген коммунистер билігі  де құлады. Қазақстан Тәуелсіз мемлекет! Соңғы санақтың нәтижесі әйгілеген ресми дерек бойынша, 16 миллионнан кемел асқан халықтың 63,6 пайызын қазақ құрап отыр! Осы жердің түп иесі және мемлекет құрған ұлт. Бірақ, Петропавл мен Павлодар әлі тұр. Бұл кімнің жігерсіздігі?

Алаш баласы, сенің жігерсіздігің!

Ендеше, асылзат Алаш баласы! Жігеріңді жаны! Намысыңды оят! Павлодар мен Петропавл деген жат тілдегі - орысша атауды Кереку мен Қызылжарға заңды түрде өзгертуді табанды түрде талап ет! Қазақ жері үшін күресте асыл текті бабаңдай атойлап алға шық! Аты жөніңді, электронды поштаңды анық көрсетіп «Abai.kz» ақпарттық порталының форумына жолда. Бар екенімізді, көп екенімізді билікке де, басқаға да білдіріп қоялық. Әсіресе, билікке бұра тартып, жалтақтамай шешім қабылдаудың қажеттігін ескертейік. Билік кертартпа топтардың кергіп айтқан сөзін ғана керексініп қалмасын, мемлекетіміздің ішкі тұрақтылығы мен шекарамыздың тұтастығын ойлап пәрменді қадам жасасын. Сондықтан қазақ қана емес,  Қазақстанды Отаным деп танитын тірлігі мен бірлігі бүтін жұрт тегіс тілек білдірсін. Интернет кеңістігіне енген қазақ жасы оларды ортақ пікірге шақырып, азаматтық іс атқарсын.

Қысқасын айтқанда, қазақ жерінің атауы үшін күрес ол -  қазақ жері үшін күрес! Қазақ жері үшін күрес ол - қазақ мемлекетінің мызғымас мәңгілігі үшін күрес! Алаш үшін күрес - қасиетті күрес! Бір Аллаға сыйынып, елдігіңді танытып қал, есеңді ешкімге жіберме, Алаш баласы!

«Abai.kz» ақпарттық порталының ұжымы -

Дәурен Қуат, dauren-kuat@ma.ru

Айдос Сарым, asarimov@mail.ru

Өміржан Әбдіхалық, omirjan.80@mail.ru

Ардабек Солдатбай, arda_bek@mail.ru

0 пікір