Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4485 0 пікір 26 Сәуір, 2015 сағат 13:35

САЙЛАУ БАРЫСЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ КӨРІНІС ТАУЫП ЖАТЫР

Саяси науқандар  ілгеріде телеарналар арқылы тікелей эфирден көрініс тауып жататын. Ал, енді еліміздегі ірілі-ұсақты оқиғалар қазір ғаламторға еніп кетті. Бүгінгі ҚР Президентін сайлауға қатысты да осыны айтуға болады. Дауыс берушілер сайлау пункттерінен түсірген суреттерін әлеуметтік желілерге үзбей салып жатыр.

Халықтың сайлау учаскелеріне көптеп келуі байқалып отыр. Бұл туралы қазақстандық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында «Саясат.org» интернет басылымының шеф-редакторы Бауыржан Төлегенов айтып берді.

«Науқанның позитивтік бет-бағдарын атап өткім келеді, бұл жерде еш шиеленісуге жол берілмей, бірігу факторына екпін түсірілген. Дауыс берудің ең алғашқы сағаттарынан бастап әлеуметтік желілерге пайдаланушылар сайлау учаскелерінде түскен фотосуреттерін салып, бұл ретте учаскелерде кезектер пайда болып отырғанын атап отыр», - деді Б.Төлегенов.

Абай-ақпарат.

0 пікір