Жұма, 20 Қыркүйек 2019
Тарихтың бір күні 4481 0 пікір 29 Сәуір, 2015 сағат 13:43

ҮКІМЕТ ОТСТАВКАҒА КЕТТІ

Бүгін, яғни, 29 сәуірде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттілігін доғаруына байланысты «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Жарлыққа қол қойды.


«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Жарлық  

Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті                     Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2015 жылғы 29 сәуір

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабы, 1-тармағына сәйкес Үкімет жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің алдында өз өкілеттігін доғарады. Конституция талаптарына сай Президент Парламент Мәжілісіндегі саяси партиялардың фракцияларымен кеңескеннен кейін, Премьер-Министрдің кандидатурасын Мәжіліс қарауына ұсынады. Жаңа кандидатураны Мәжіліс мақұлдаса, Президент оны қызметке тағайындайды. Тағайындалған үкімет басшысы 10 күн мерзім ішінде Президентке жаңа Үкіметтің құрылымы мен құрамын ұсынуы тиіс.

 

Дереккөз: akorda.kz

0 пікір