Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3393 0 пікір 29 Қыркүйек, 2010 сағат 06:21

Мәжіліс депутаттары бас прокурордан денсаулық сақтау министріне қатысты жағдайды анықтауды тапсырды

Астана. 29 қырқүйек. ҚазТАГ – Елена Преображенская. Мәжіліс депутаттары бас прокурордан денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқаливке қатысты туындаған жағдайдың анық-қанығын анықтауды сұрады.

«Дүйсенбі күні Досқалиевтің сенбі күні 25 қырқүйекте қаржы полициясының сұрақтарына жауап беру кезінде инсульт алғаны белгілі болды. Ол ессіз күйде ұлттық ғылыми медициналық орталыққа келесі күні, 26 қырқүйекте бірақ 15.40-та жеткізілген», - деп мәлім етті сәрсенбі күні мәжілістің пленарлық отырысында депутаттар тобының атынан сауалын жолдаған Марат Итеғұлов.

Ол өткен аптаның соңында қаржы полициясы денсаулық сақтау органдарына қатысты қылмыстық іс қозғағанын еске салды.

М.Итеғұловтың айтуынша, депутаттар денсаулық сақтау министріне дер кезінде медициналық көмек көрсетілсе, арты мұндай салдарға алып келмейтін еді деп есептейді.

«Доскалиев - білікті хирург...Ол өзіне басқаша қатынасқа лайық», - деді М.Итеғұлов.

«Осыған байланысты бас прокуратурадан тексеру жүргізіп, сау адамның осындай жағдайға қалай жеткізілгенін, неліктен оған медициналық көмектің уақытында көрсетілмегенін анықтауды сұраймыз», - деді М.Итегулов.

0 пікір