Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3274 0 пікір 29 Қыркүйек, 2010 сағат 06:16

Шығыс Қазақстанда көшелерді жарықтандыруға арналған қуат үнемдегіш шамдардың өндірісі құрылады

Өскемен. 29 қырқүйек. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстанда Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ  «Алтай» аймақтық технопаркінің негізінде жоғары технологиялар аймағында қуат үнемдегіш шамдар жасайтын цех құрылып жатыр.

«Жаңа қуат үнемдегіш технологияның шамдары қала көшелерінде алғаш рет пайда болады», - деп мәлім етті «Санди» ЖШС-інің директоры Санташ Мақсұтов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қала көшелерін жарықтандыруда пайдаланылатын сынапты дроссель шамдарын алмастыру үшін қуаты 450 көше шамдарын жасау жоспарланған.

«Сымсыз жарықтандыру күн панельдері мен жел генераторларынан жұмыс істейді», - деді С. Мақсұтов.

Ескі шамдарды LED – шамдармен алмастыру электр қуатын 4 есе үнемдеуге мүмкіндік береді.

Үлгі ретінде қуат үнемдегіш шамдар өндірістік ғимараттың аумағында орнатылады.

Қазір қажет жабдықтар жеткізіліп жатыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3545