Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3426 0 пікір 29 Қыркүйек, 2010 сағат 06:12

Петропавлдық полицейлер тауарлы поезбен Қорған облысынан Мәскеуге бара жатқан балаларды ұстады

Петропавл. 29 қырқүйек. ҚазТАГ – Петропавлдық полицейлер тауарлы поезбен Қорған облысынан Мәскеуге бара жатқан балаларды ұстады, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының (СҚО) ІІД-нің баспасөз қызметі.

«Полиция және мектеп» республикалық акциясы шеңберінде тауарлы поезға заңсыз мініп, шекарадан өтіп, Петропавлға келген РФ-ның Қорған облысының үш жасөспірімі ұсталған»,- деп мәлім етті Петропавл ІІБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімнің бастығы Сайран Саркенов.

Полицияның мәліметіне сәйкес, екеуі ағалы-інілі болып шыққан 12-13 жастағы ұлдар ресейлік Старый Просвет елді мекеніне бармақ болған, бірақ Қазақстанға келген. Олар қамқорлыққа алған тәрбиеленушілерімен тұра алмағандықтан, өздерін жиі ренжіткендіктен қашып кеткендерін айтқан.

«Екеуі бесінші сынып, біреуі алтыншы сынып оқушылары темір жолға жетіп, ата-ана құқықтарынан айырылған әке-шешелері тұратын мекенге жету үшін «Мәскеу» деген жазуы бар поезға отырған», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жасөспірімдер кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту облыстық орталығына орналастырылды. Оларды елдеріне қайтару мәселесі шешіліп жатыр.

0 пікір