Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3662 0 пікір 28 Қыркүйек, 2010 сағат 06:58

Айбын Бақытұлы. Қазақтілді «Балапан» қаз-қаз басты

Сүйінші! Өзіміздің өзегімізден шыққан және салт-дәстүр, тәлім-тәрбиемізбен өрілген арнайы хабар­ларымыздың жоқтығынан, таңнан кешке дейін Jetix, Niceledon секілді өзге арналардың түсініксіз мультсериалда­ры­на телміріп, ресейлік «Теленяня» қы­зығына еліткен қазақ баласының ата-аналарынан сүйінші сұраймыз! Қыркүйектің 27-сінен бастап, елімізде кабельдік желіде қазақ тілінде ғана хабар тарататын, тек қана балаларға арналған «Балапан» атты телеарна іске қосылады.

Бұл - қазақ телевизиясының тарихындағы ба­лаларға арналған тұңғыш жеке телеарна. Мұн­дай телеарнаны қазақ баласы көптен тосып, сары­ла күткені анық. Бұл турасында талай айты­лып, жазылды да. Осындай ел тілегі Елбасына да же­тіп, Президент былтыр Үкіметке мемлекеттік тіл­де хабар тарататын үш телеарна ұйымдастыру ту­расында тапсырма бергені де мәлім. Соның бірі ба­лаларға арналған «Балапан» болатын. Кеше ас­та­нада осы «Балапан» телеарнасының салтанат­ты түрде тұсауы кесіліп, оған «Қазақстан» теле­ра­диокорпорациясының басшылығы мен Пре­зидент Әкімшілігі басшысының орынбасары Мәу­лен Әшімбаев, Байланыс және ақпарат ми­нистрі Асқар Жұмағалиев келіп, ақ жол тіледі. Осы­нау ел үшін маңызды шараға Үкімет Басшысы да келеді деп хабарланған еді. Алайда Үкімет ісі­нен қолы тимесе керек, Кәрім Мәсімов мырза ке­ле алмады. Бірақ сәлемін жолдап, құтты бол­сын айтыпты.

Премьердің тілегі - «Балапанды» түлету

«Ұлттық телевизия тарихында тұңғыш рет ашыл­ған бұл жоба - баласы бар әрбір отбасы үшін маңызды оқиға. Ежелгі шығыстың «Ең ұзақ жол алғашқы қадамнан басталады» деген қанат­ты сөзі бар.

«Балапан» телеарнасының алғашқы қа­дамы нұрлы болсын!» - деген Премьер-ми­­нистр құттықтау сәлемінде «Балапан» теле­ар­на­сына үлкен жауапкершілік жүк­те­ліп отырғанын, өйткені оның аудиториясы біз­дің кішкентай бүлдіршіндеріміз екенін атап айтыпты.

«Балапанды» көріп, олардың тілі шы­ғады, көзқарасы мен дүниетанымы қалып­та­сады. Тарихымызды ұғып, ұлттық мәде­ниет пен өнерді үйренеді. Салт-дәстүрімізді кө­ріп өседі. Сондықтан телебағдар­ла­малардың сапасы жоғары болуы тиіс. Мұ­ның барлығы телеарна ұжымынан табан­ды­лықты, қажырлы еңбекті талап етеді. «Балапан» тек қазақ тілінде шығады. Енді біздің алдымызда «Балапанды» ғарыштық байланыс арқылы әр елді мекенге, әр ауыл­ға тарату мақсаты тұр. Бұған тез арада қол жеткізу керек. Балапанды көру арқылы ауыл­дағы әрбір бала қаладағыдай білім, тәр­бие алуы тиіс», - дейді жаңа телеар­на­ның ашы­луына байланысты алдағы мін­дет­терді де айқындаған Кәрім Мәсімов.

«Балапанға» артар үміт зор

Мәулен Әшімбаев, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары:

- Бұл телеарнаның ашылуы - саяси-тәрбиелік мәні бар үлкен оқиға. Соңғы жылдары біз қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін, қазақ тілін қоғамдық қол­да­ныста кеңейту үшін біраз жұмыс істеп жатырмыз. Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрететін бағдарламалар бар. Бірақ көп нәрсе бала кезден баста­ла­ды ғой, балаларды қазақ тіліне үй­ретс­е, олар тап-таза қазақша сөйлеп тұр­са, бұл тіліміздің болашағына жол аша­т­ы­ны сөзсіз. Сондықтан «Балапан» те­леар­насы басқа ұлттың балаларына қа­зақ тілін үйретуде үлкен рөл атқарады деп сенеміз. Екінші жағынан, «Балапан» те­леарнасының балалардың бойына қа­зақтың құндылықтарын сіңіруде таным­дық, тәрбиелік мәні зор болады деп ойлаймыз.

Алдан Смайыл, Мәжіліс депутаты:

- Бұл - Қазақстан балалары үшін аса қуанышты оқиға. Біз осы балалар ар­насының ашылуын көптен күттік. Әзірге кабельдік желіде таралатын те­ле­арна болып ашылғанымен, бола­шақ­та, 2015 жылға қарай еліміздегі те­лежүйе сандық жүйеге көшкенде бұл да дербес арна секілді эфирге шығады. Ме­нің өз ойым, телеарнаны енді бала­лар қызығып көретін, қызғылықты әрі қа­жетті білім алатын, ұлттық дәстүрлерге тәр­биелейтін бағдарламаларға толтыр­са деймін. Бұл оңай жұмыс емес. Сон­дық­тан бұл жұмысқа «Қазақстан» ұлт­тық арнасының шығармашылық ұжымын ғана емес, еліміздегі балалар жазушы­ла­ры мен композиторларын, жалпы шы­ғар­машылық элитамыздың мүмкін­ді­гін осы балалар телеарнасына әкеліп жұмылдыру керек. Сонда бала да, ата-ана да көретін сүйікті арнаға айналады деп ойлаймын. Ең бастысы, күткен теле­арна ашылды, Құдайға шүкір. Енді соның сәтті жұмыс істеуіне бәріміз атса­лысуымыз қажет.

Мақсат - балаларды ұйыту

Таныс болыңыздар, телеарнаның же­тек­шісі - қалың көрерменге «Қазақстан» ұлт­­тық арнасындағы «Таңшолпан» таңғы ақ­­параттық-сауықтық бағдарламасы арқы­лы таныс журналист Жанар Шәмел. Оның ай­туын­ша, кабельдік желі арқылы хабар та­ра­та­тын «Балапан» күні ертең қалың қазақ ба­ласын қуантқалы отыр. Қа­зір­гі мезгілде ар­наның бағдарламалар жос­­пары дайын, шы­ғармашылық мақсат ай­қындалды.

«Балапан» 3 пен 10 жас аралығындағы ба­ла­ларға арналған тұңғыш телеарна бол­мақ. Оның басты ерекшелігі осы болса, екін­ші ерекшелігі, телеарна «Қазақстан» рес­публикалық телерадиокорпорациясы­ның ба­засында ертеңгі сағат 10-нан 22.00-ге де­йін 12 сағат бойы тек қана мемлекеттік тіл­де ха­бар таратады. Ал енді оның маз­мұ­нына келсек, «Балапан» өз көрермендеріне ар­нап «Ала­қай, балақай!» деп аталатын ер­тең­гілік спорт­тық жаттығу сипатындағы шоу-бағ­дар­ламасын, «Кел, ойнайық», «Ше­бер­хана», «Әліппе», «Айжұлдыз» сын­ды оқу-та­ным­дық және «Ән салайық!» ат­ты отбасылық музыкалық хабарларын эфир­ге шығармақ.

Жанар Шәмел, «Балапан» телеарнасының жетекшісі:

- Телеарнаның «Ғажайыпстанға саяхат» деп аталатын төл мультсериалы да болады. «Балапанның» хабар­ла­ры­ның бәрі де педагог-психолог маман­дар­дың қатысуымен, балалардың жас ерек­шеліктері мен мінез-құлықтарын ескере отырып жасалады. Мұның сыр­тын­да әлемдік балалар киносы мен ани­­мациялық фильмдердің ең үздік туын­дыларын «Қазақстан» ұлттық арна­сының дубляж бөлімінде қазақша ды­быстап, ұсынбақпыз.

Осылайша, түсі бөлек, ділі  жат өзге жұрттың үйдегі «көк жәшігімізден» бе­рі­ліп, балала­ры­­мыздың тәлім-тәрбиесі мен та­ным-түсінігіне әсер етіп жат­қан ха­барларына енді отандық балама тос­қауыл қояр деген үміттеміз. Рас, бай­­қап отырғанымыздай, әзірге «Ба­лапан» барша қазақтың үйіне емін-ер­кін «бас сұға алмайды». Өйткені ка­бельдік желі ауылға әлі жеткен жоқ. Пре­мьер­дің де меңзегені - осы. Бірақ Алдан Смайыл айтқандай, ең бастысы - тек қа­зақ тілінде хабар тарататын осындай телеарнаға қол жеткені. Ал енді оның қа­на­тын қатайтып, мазмұнын байытып, ауыл баласына дейін жеткізу ардың ісі болуы тиіс. Премьердің сөзі пәрменді болар деген үміттеміз. Сондықтан «Ба­лапан­ның» алғашқы қадамына «Алаш айнасы» атынан біз де сәттілік тілейміз!

«Алаш айнасы» газеті

0 пікір