Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3861 0 пікір 28 Қыркүйек, 2010 сағат 05:43

ҚР президенті Таразда жүн иіретін фабрикада болды

Тараз. 27 қырқүйек. ҚазТАГ – Президент Нұрсұлтан Назарбаев екі күндік жұмыс сапарымен Жамбыл облысының орталығына келісімен «Тараз ЖБӨ фабрикасы» ЖШС-іне барды, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысы жоғары сапалы иірілген жіп үшін бастапқы материал-топс өндірісімен танысты. Бұл өнімнің алғашқы үлгісі Еуропаға зертханалық сынаққа жіберілген еді, ондағы сарапшылар қазақстандық топстың барлық халықаралық стандарттарға сәйкестігін растады», - делінген дүйсенбі күні Ақ орданың ресми сайтында жарық көрген ақпаратта.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жобаның жалпы құны 1,03 млрд теңгені құрайды. Фабриканың қуаттылығы жылына 786,2 тонна топсты – қой жүнін, 873,6 тонна иірілген жіпті, 109,2 тонна жүннің қалдығын, 408 тонна жуылған жүнді құрайды.

«Келесі жылы топс өндірісі жөніндегі өнімділіктің желісін екі есеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр», - делінген ресми сайттағы хабарламада.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3532