Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3244 0 пікір 28 Қыркүйек, 2010 сағат 05:32

Голубев теннистен Malaysian Open турнирінің екінші айналымына өтті

Алматы. 28 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Куала-Лумпур қаласында өтіп жатқан Malaysian Open турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлады спорт журналистерінің одағы (СЖО).

Турнирде Голубев екі сетте Тайваньнан келген Лю Йен Сунды жеңді - 7:5, 6:2. Екінші айналымда қазақстанық спортшы бастапқы матчта колумбиялық Алехандро Фальядан - 6:1, 3:6, 7:5.басым түскен ОАРспортшысы Кевин Андерсонмен кездеседі.

Голубев Кевин Андерсонмен турнирде екінші рет кездескелі отыр – жеребе бойынша жұпты кезеңнің бірінші айналымында Голубев/Денис Истомин (Өзбекстан) жұбы Андерсон/Мишел Руселмен (АҚШ) күш сынасатын болады.

Биылғы турнир 1993 -1995 жылдары Куала-Лумпурда өткізілген ерлер арасындағы ашық чемпионаттың жалғасы болып табылады. Барлығы төрт турнир өтті. Оның ішінде екеуі 1993 жылы, қаңтарда және қазанда. 14-жылдық үзілістен кейін Куала-Лумпурда 2009 жылы АТР АТР-турдың азиялық бөлігін кеңейту туралы шешім қабылдағаннан кейін бұл жерге ерлер арасындағы теннис қайта оралды. Өткен жылы жеке кезеңде ресейлік Николай Давыденко, ал жұпты кезеңде поляк дуэті Марцин Матковский/Мариуш Фирстенберг жеңіске жеткен еді.

0 пікір