Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4776 0 пікір 27 Қыркүйек, 2010 сағат 06:46

Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ. ШЫНЫМЕН ЕМ ҚОНБАЙ МА?

2008-жылдың қаңтар айы. Күн жаймашуақ. Алматының кітәп дүкендерін айына бірер аралап шығатын әдетіммен жүріп, біреуінен көрген көзді қызықтыратын сұлу кітәпті алып қарасам: «Шаһкәрім. Жол табалық ақылмен» деп тұр! Бәрекелді! Үлкен қалыппен шығарылған, қалыңдығы төрт елі, ақынның суреті мұқабасының екі сыртқы бетіне ғана емес, қаптау түбіне де берілген! Сыртқы да, ішкі де көркемделуі келіскен екен! Шығарған - «Халықаралық  Абай клубы.  Жидебай. 2006 ж.». Абай атына «клуб» деген сөздің неге тіркелгенін түсінбесем де, қуана алып, үйге жеткізгенше  асықтым.  Ақын  атамыздың  туғанына  150 жыл толуы алдында халқымызға  ұсынылған  тамаша  тарту  ғой! «Кітап - ең сабырлы ұстаз»  деген алғысөзі бар «Бір томдық жинақ» ақынның «Абай марқұм өткен соң өзіме айтқан жырларым» өлеңімен басталыпты. Оқи бере тілім де, ойым да сүрінді.

 

«Жетпісті қудың, жеттің бе?

Барша жаннан өттің бе?

Тағдырың жазған ақ өлім,

Құтылып одан кеттің бе?»

 

Апырым-ау, «тағдырың» емес, «алланың» еді ғой?!

 

«Құтырмай енді тек отыр,

Күнәңә уайым жеп отыр.

Алдыңда кірер үйің бар,

«А, тоба», онда деп отыр».

 

Апырым-ау, «А, тоба» емес, «А құда» еді ғой?!

 

«Шын жолдасың осы ма,

Осылар жанның досы ма?

2008-жылдың қаңтар айы. Күн жаймашуақ. Алматының кітәп дүкендерін айына бірер аралап шығатын әдетіммен жүріп, біреуінен көрген көзді қызықтыратын сұлу кітәпті алып қарасам: «Шаһкәрім. Жол табалық ақылмен» деп тұр! Бәрекелді! Үлкен қалыппен шығарылған, қалыңдығы төрт елі, ақынның суреті мұқабасының екі сыртқы бетіне ғана емес, қаптау түбіне де берілген! Сыртқы да, ішкі де көркемделуі келіскен екен! Шығарған - «Халықаралық  Абай клубы.  Жидебай. 2006 ж.». Абай атына «клуб» деген сөздің неге тіркелгенін түсінбесем де, қуана алып, үйге жеткізгенше  асықтым.  Ақын  атамыздың  туғанына  150 жыл толуы алдында халқымызға  ұсынылған  тамаша  тарту  ғой! «Кітап - ең сабырлы ұстаз»  деген алғысөзі бар «Бір томдық жинақ» ақынның «Абай марқұм өткен соң өзіме айтқан жырларым» өлеңімен басталыпты. Оқи бере тілім де, ойым да сүрінді.

 

«Жетпісті қудың, жеттің бе?

Барша жаннан өттің бе?

Тағдырың жазған ақ өлім,

Құтылып одан кеттің бе?»

 

Апырым-ау, «тағдырың» емес, «алланың» еді ғой?!

 

«Құтырмай енді тек отыр,

Күнәңә уайым жеп отыр.

Алдыңда кірер үйің бар,

«А, тоба», онда деп отыр».

 

Апырым-ау, «А, тоба» емес, «А құда» еді ғой?!

 

«Шын жолдасың осы ма,

Осылар жанның досы ма?

Ақ ісіңе адам жақ,

Адамнан тіпті шошыма!»

 

Апырым-ау, «аққа адам жақ» емес, «аққа құдай жақ» еді ғой?!

 

Енді шумақтарды «шулата» бермей, өлең тармақтарының  бірнешеуін мысалға келтірейін («түзетпе» сөздер қара әріппен жазылып, жақшаға алынды да, ақынның түпнұсқа сөздері курсивпен - еңкіш әріппен берілді):

 

Күрмеуін алла (тағдыр) шешеді...

......................................................

Оңдасын құдай (істің) ақырын...

...................................................

Кетпес дәулет осы ғой құдайға (әмбеге) хақ...

.....................................................

Құдай (баста) таза жаратты, сен таза бол...

.....................................................

Ащы сөзім - достығым, дінге (маған) нансаң...

.....................................................

Мақтан, атақ іздесең құдайдан (адамнан) без...

..................................................

Мұсылманға (ағайынға) ұқсайды қай арасы?..

...................................................

Бір құдай (табиғат) неше түрлі жан жаратты...

..................................................

Құдай (өмір) өзі-ақ береді...

 

Бір әредікте түйсігім айтты: - Иә, бір гәп бар, сен Шәкеңнің бұл  кітабын ақын ақталысымен сонау 1988 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан  жинақпен («Шығармалары») салыстырып оқысаңшы - деді. Тілін алдым. Тыным таппай салыстырдым. Астапыралла, тырп еттірмей көшірген де қойған. Төзімім тоз-тоз бола бастаған соң қолыма қалам алдым...

Сөйтіп:

Бірінші мақалам - «Шәкәрім «атеист» күйінде қала берсін бе? Шәкәрімтану ғылыми-зерттеу орталығының назарына» - сол жылғы наурызда «Қазақ әдебиеті» апталығымызда жарияланды.

Екінші мақалам - «Ақын атамыз Шәкәрімнің аруағына хат» - сол жылғы қарашада «Жас алаш» гәзетінде шықты.

Үшінші мақалам - «Марқұмның маңдайына «атеист» болу жазылған екен. Сенатор-жазушы Әбіш Кекілбайға хат» - «Ана тілі» гәзетінде сол жылғы желтоқсанда жарияланды.

Төртінші мақалам - «Аруақты ардақтаған қазақ едік. Мәдениет және бұқаралық ақпарат министріне, Жазушылар одағы басқармасының төрағасына  ашық хат» - 2009-жылғы ақпанда «Жас қазақ» гәзетінде шықты.

Бесінші мақалам - «Как Шакарима сделали атеистом» - 2010 жылғы ақпанда орыстілді «Централ Азия Монитор» гәзетінде жарияланды.

Бұл хаттарда не айтылды?

Мұсылманның отбасында өмірге келіп, имани таза ниетті мұсылмандық жолының 73-белесінде құдайсыздардың қолынан қаза тапқан Шәкәрім Құдайбердіұлының аруағын «халық жауы» деген қара дақтан 1987- жылы әрең аршып алдық та, өлеңдері мен дастандарын, аудармалары мен мақалаларын тездетіп жинаққа айналдырып шығардық. Иә, сөйттік те, 1988-жылғы «Шығармалары»» арқылы марқұм ақын атамызды...  атеистке айналдырып кеп жібердік. Ол «ғажап жаңалықтың» ұйтқысы кім болғанын білмеймін. Шәкеңді атеистердің сапына қоса салудың қалай жүзеге асқанын зерттеп те шаршамадым, ол «тәсіл», әлгі «екі жерде екі - төрт» дегендей, оп-оңай орындалыпты: ақынның өлеңдеріндегі: «құдай», «алла», «тағдыр», «жазмыш», «дін», «мұсылман»... деген діни сөздер егістік тақтасының арам шөбінше түп-түгел дерлік отап тасталыпты - бітті!.. Сол сорақылықты көрген күндері Қайым аға Мұхамедханов қандай күй кешті десеңші! Ол қиянаттан қысылған жанын қоярға жер таба алмады, қатты күйзелді: «Құдай-ау, Шәкәрімнің шығармаларын ревизиялауға қандай құқылары бар бұлардың?!» деді. Неге шырылдамасын, неге күйінбесін?! Ұлы Абайдың ең дарынды шәкірті - Шәкәрімнің өмірін, шығармашылығын, туындыларының түпнұсқасын зерттеу және кезінде гәзет-жорналдардағы жарияланымдарын қадағалап отыру тәрізді қасиетті парызды мойнына алған,  шәкәрімтануды негіздеген бірегей ғалым ғой?! Ақынның әдеби мұрасын сақтау мәселесінен бастап, «халық жауы» таңбасын алдырып тастау жолында ұзақ жыл талмай, қажымай қайратты қимыл жасаған бірден бір табанды жан ғой?! Ақын шығармаларын «түзеу-күзеуге» қарсы мақала жазды. Айғағы айдай ол мақаласы «Қазақ әдебиеті» гәзетінің 1989 жылғы наурыздың 17-сі күнгі санында «Құдай» деген сөзден құдай сақтасын...» деген тақырыппен жарияланды (гәзетте ықшамдаған ол мақаласының толық нұсқасы 2009-жылы шыққан «Шәкәрім» атты жиағында).

Қакең одан кейін де көп жазды, дөп жазды. Ақынның өлеңдеріндегі «түзетулерді» ғана емес, «түзетуге көнбеген» шумақтардың тіпті алып тасталғанын, бір өлеңінің бірнешеге бөлшектелгенін, дастандарындағы тарихи кісі, жер аттарының да бұрмалауға ұшырағанын (мысалы, тарихи тұлға Мамай батырдың өмірде болмаған «Матай батырға» айналдырылғанын) «соқырға таяқ  ұстатқандай» етіп атап-атап берді.  Мұхтар Мағауин және басқа әдебиетші-сыншылар да ашынып сын жазды. Жоғарыда аталған «Шаһкәрім. Жол табалық ақылмен» кітабын шығарған жазушы Роллан Сейсенбаев сол орынды сындардың ешқайсысын құлаққа ілмепті.  Ол - клубтың, ондағы «Аманат» жоралының егесі, баспаның Көркемдік кеңесінің төрағасы. Ал алқа мүшелері: Әбіш Кекілбай, Иманғали Тасмағамбетов, Олжас Сүлейменов (қазақшаны оқып қарық болмайтын бұл ақынға, әрине, бәрібір ғой), Мырзатай Жолдасбеков...

Қай басылымның болсын алқа мүшелері (редакторларын айтпағанда) сол басылымның сапасын жіті қадағалап отыруға міндетті. Өйтпесе «құрметті мүше» болудың, яғни арзан атақтың қажеті не?!. Бұл немкеттілік «Жол табалық ақылменде» және 2008-жылы: «Қажыма, ойым, қажыма», «Өкінішті ғұмыр», «Үзілмеген үміт» деп үштомдық етіліп, ешбір түзетусіз қайта басылғанында тағы көрінді. Роллан болса, бұл  үштомдықтың да «жамбасына»: «...Сізге қарап бой түзеп, ой түзеп, сөз түзеп келеміз» деп «таңба» басыпты. Демек, біз де, келер ұрпақтарымыз да «атеист» Шәкәрім қажының поэзиясын мынау кітаптардағысынша қабылдай берсек, сол жөн екен.

Ақынның туғанына 150 жыл толуына арналып Алматыда өткізілген салтанатта Шәкеңнің 70 - 100 өлеңін жатқа айтатын төрт шәкірт өнер көрсетті. Біраз мектепте сондай дәстүр бар екен. Ниет түзік. Бірақ додаға ұшыраған өлеңдерді насихаттаудан не пайда? Бүгінгі де, ертеңгі де ұрпақтары қажы аталарының «атеистігіне» шүбәланбай өсуі қажет пе?! Мектептердегі ұстаздар әдеби гәзет-жорналдың анау жарымжан жинақты сынаған ондаған мақаласының бірде-бірін оқымаған болды. Ол ол ма,  Шәкәрімнің  Астанада, Семейде, Алматыда болған тойларында суырылып сөйлеген, тойдың  алды-артында  баспасөзге  құлаш-құлаш  мақала жазған  талапты жас  әдебиетші-сыншылардан  бастап академик ағайындарға дейін ешқайсысы ақын мұрасына жасалып келе жатқан қиянат туралы ләм-мим деген жоқ, «осылай айтсақ, осылай жазсақ қателесе қоймаспын» деген оймен баяғыдан жаттанды сөйлемдерді тізіп шықты.

Ақын шығармаларының қыр-сыры жайында мақалалар әлі де жазылып жатыр (әрине, жазыла береді де!), бірақ солардың ешқайсысынан мынау қиянатқа қатысты бір ауыз сөз кездеспейтініне еріксіз таңданып жүрмін. Сірә, олардың авторлары Шәкәрім Құдайбердіұлы көзі тірісінде шығарған «Қазақ айнасы» атты кітап барын білмейді және 1988 жылғы жарымжан жинақ туралы 1988 - 1992-жылдары гәзет-жорналдарда жарияланған оннан астам сыни мақаланың бірде-біреуін оқымаған. Білген, оқыған болса, жазыққа шыққан желдей есе берер ме?!

Айтпақшы, Астанада «Ынсап» атты қор бар екен. Шәкәрім өлеңдерін жатқа айтатын шәкірттер бәйгесін өткізумен шұғылданатын көрінеді. Қор басшыларына хат жазып, ақын шығармалары көкпарға салынып келе жатқанын айтып, мақалаларымның көшірмелерін де жолдадым.  Ол жақтан да  хабар-ошар жоқ.

Әлбетте, мен мақаланы да, хатты да жеке басымның мүддесі үшін, атымды сөйтіп бір шығару үшін жазбадым, Шәкәрімнің әдеби мұрасын оңай олжаға, арзан қалжаға айналдыруға қарсылық жасадым. Министрлікке Ақынның «Қазақ айнасы» жинағын ешбір «түзеу-күзеусіз» қайтадан шығартуды ұсындым. Жауап болмады.

Екінші жәйт.

Исі қазақ көне тарихымыздың тоң болған қатпарларын ақтарған Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділеріне» бүгін де тәнті. Оны жеке-жеке туынды күйінде-ақ құмарлана оқығанбыз. Ол алыс-жақын елдер тілдерінің біразына аударылды. Негізгісі орыс және халықаралық мәртебелі ағылшын тілі болды. Алайда, бірінші кезекте айтарым: әдебиетші-сыншыларымыз орысша нұсқасын оқымады-ау деймін, себебі: көзі тірі Ілекеңді жиын-тойында жаттанды ұлықтаумен жылтырай сөйлегендері болмаса, орыс тіліндігі «Көшпенділердің»  аударма сапасын  ауызға алғаны есімде жоқ. Қаламнан қолы босамай өткен Ілекеңнің өзі де орысша нұсқасын оқып үлгірмегені анық, егер үлгірсе, аудармашысына (М. Симашкоға) біраз базына айтса керек еді.

Базынаны, жо-жоқ, жанайқайды әдебиетші, ағылшын тілінің білгірі Нұрсәуле Рсалиева айтты. Ғалым қарындасымыз әдебиетіміздегі аса әйгілі шығарманың ағылшын тіліндегісін оқып, жағасын ұстап, содан кейін орысша нұсқасына еріксіз үңіліп, салыстырып шыққан да: «Сұмдық-ай!» деп қатты күйінген.

Нұрсәуленің күйінетін жөні бар екен. «Ана тілі» гәзетінде, «Жалын» жорналында жарияланған мақалаларын оқып, мен де жағамды ұстадым. Әуелде сенер-сенбесімді білмей қалдым. Сабыр сақтай қайталап оқып шыққан соң ғана: - Ойпырым-ай! Ұят болғаны-ай! - деп сыншыны еріксіз жақтадым. Орыс тіліндегі нұсқасынан О. Чоракаев ағылшыншалаған «Көшпенділерде»: Абылай хан бірде тау, бірде төмпешік;  Бұқар жырау бірде өсиетші, бірде бейпіл ұрысқақ;  Кенесары бірде қолбасшы, бірде қарақшы болып кете барған...

Танымал жазушы, аудармашы М. Симашко аударма ауласынан шығып кетіп, автор сөзіне аракідік түзету енгізіп те, өз төтесінен қосымша жазып та жіберген көрінеді. Соған сүйенген О. Чоракаевтың да «қызынып» кеткені жеткілікті. Нұрсәуле соның бәрін нақты тәптіштепті. Аудармашының кесек қателерін былай қоя тұрғанда, корректорлық әләуләйдің өзі - бір қорлық. Абылай: бірде дұрыс, ал бірде Абали, бірде Албай болып, үш түрленген; Бұқар жырау есімінің - 7;  Қожа Ахмед Йассауи есімінің - 8; Шыңғысхан есімінің - 10 «нұсқасы» бар екен. Асан Қайғы, Қазтуған, Тәуке хан, Әбілқайыр хан... бәрінің де есімдері құбылтылған.

Нұрсәуле қаққан дабылға бейжай қала алмадым. Келтірген мысалдары, жасаған 21 тұжырымы көкейге қонымды екен. Толық қостап, өзім де мақала жазып, Жазушылар одағымыздың басшылығына трилогияның орысша нұсқасын қайта қарап, ағылшын тіліне жаңадан аударту керек екен деп құлаққағыс  жасадым. Шет жұрттарға халқымыздың тарихын таныта түсу үшін, әдебиетіміздің мүддесі үшін қажет қой. Құлаққағыстан ештеңе шықпаған соң баяғы министрлік пен одаққа хат жолдадым, - оным да елеусіз қалды.

Жалпы, менің байқауымша, біздің бүгінгі заманауи тірлікте түсініксіз екі құбылыс бар. Бірі - хатыңа, кімге жолдасаң да, жауап қайтарыла қоймайтыны. Екіншісі - зиялы қауымның  небір жанайқай мәселеге мән бермей қала беретіндігі. Шәкәрім Құдайбердіұлының, Ілияс Есенберлиннің әдеби мұраларына қиянат жасалғаны жоғарыдағы тиісті орындарға, зиялылар қауымына қалайда жетсе екен деген оймен бұл жәйттер жөнінде әдейілеп  жазған мақалаларымның әрқайсысы республикалық үш-төрт гәзетте жарияланды (әрине, мәтіндері бөлек, ал мақсат - біреу). Амал не, оқыған көз, естіген құлақ көрінбеді. Бір «қызығы»  жазушы, жорналшы ағайындардың  бірде-бірі селт етпеді.

Бұл не?  Бұл - ем қонуы қиын дертке айналған немкеттілік!

Әйгілі жазушы Әнуар Әлімжанов Пәкстанның Қараши қаласында болғанында ондағы қаламдас дос-жолдастары Орталық банктің сурет галереясына апарыпты. «Ұлы ұстаздардың суреттерін көр» деп. Қолында домбыра бар бейне көзіне жылы ұшырап, кім екенін сұраған Әнуарға суретші Салых Айын: «Абу Насыр Мухаммед ибн Тархан әл-Фараби» деген. Әнекеңнің сол сәтте нендей күй кешкенін бір құдай біледі. Біздің білетініміз: ғұлама жерлесіміздің сурет-бейнесі мен шығармаларының елімізге жол табуына бірбен-бір себепші болғаны!..  Одан арғы әңгімеде фарабиші ғалымдардың бірі: «Аристотельден соң Екінші ұстаз атанған әл-Фараби: «Сен досыңнан сескенбе, сертінен тайса - сатып кетер; сен жауыңнан сескенбе, қапыңды тапса - өлтірер;  сен сескенетін, тіпті қорқатын нәрсе - немкеттілік:   түбіңе сол жетер!» деген екен.  Ғажап емес пе?!» депті.

 

23. 09. 2010 ж.

 

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір