Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2587 0 пікір 1 Маусым, 2009 сағат 07:58

Жарлық бола тұра жалтақтай береміз бе?!

«Ана тілі» газетінің 2009 жылдың 19 ақпан күнгі санында жарық көрген бір топ зиялы қауым өкілдерінің Елбасына, Премьер-Министрге, Сенат және Мәжіліс төрағаларына, Парламент депутаттарына арнап жазған үндеуін оқып, бей-жай қала алмадым. Иә, Қазақстан Республикасы Президентінің ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы жарлығы жарияланғалы аттай 13 жыл уақыт өтті. Жарық дүние есігін шыр етіп ашқан сол сәбилер бүгінде бір мүшел жасқа келген тұлымшағы желбіреген ұл-қыздар. Олардың нешеуінің тууы туралы куәлігінде аты-жөні қазақша толтырылған? Қызылжардағы қазіргі жағдай қандай? Міне, осы сауалдарға жауап іздеп көрген едім.
Облыс орталығындағы жетпіс жылдан астам тарихы бар Ә.Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатында 1996 жылы туған 56 оқушы бар екен. Олардың ішінде бесеуінің ғана тууы туралы куәлігінде аты-жөні қазақша толтырылған. Кәмелеттік жасқа келіп, жеке куәлік алған бозбала-бойжеткендердің арасында небары алтау-ақ. Басқа сыныптарда да саусақпен санарлық. Тек қана 4 сыныптағы 25 баланың 10-ының куәлігінде тегі қазақша.

М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейдегі жарлық шыққан жылы дүниеге келген 38 оқушының екеуінің ғана тууы туралы куәлігінде аты-жөні қазақша жазылған. Кәмелеттік жастағылардың арасында – үшеу. Қызылжар қаласындағы басқа қазақ мектептеріндегі жағдай да дәл осындай.
Иә, кеңестік дәуірдің сарқыншағы – «ов», «ев»-тен түбегейлі арылатын кез жеткен сияқты. Әрине, аға буын өкілдері үшін бұл аздап қиынырақ болатыны түсінікті, өйткені жеке куәлігін ғана емес, барлық құжаттарын өзгертуге тура келеді. Сондықтан тегімізді қазақыландыруды өмірге жаңа қадам басқан балаларымыз бен немерелерімізден бастауымыз керек. Алайда «Мен қазақпын!» деген ағайындарымыз артынан ерген ұрпағының тегін қалыптасқан тарихи дәстүрге сәйкестендіруге әлі де асығар емес. Мәселен, үстіміздегі жылдың қаңтар айында дүниеге келген 271 қазақ баласының 126-сының аты-жөні қазақша жазылған, 50 пайызға да толмайды.
Елбасымыздың өзі осындай мүмкіндік беріп тұрғандықтан, жан-жағымызға жалтақтағанымыз дұрыс болмас, сірә. Кәмелет жасқа толғандарға жеке куәлік аларда ой салғанымыз жөн. Бұл ретте ата-аналар ме ұстаздардың ықпалы ерекше. Сынып сағаттарына әділет департаментінен мамандар шақырып, кездесулер ұйымдастырған дұрыс. Бұл мәселені ата-аналар жиналыстарында да қозғау қажет.
– 16-ға толған жас халыққа қызмет көрсету орталығына барып, арнайы үлгі бойынша өтініш жазады. Егер баланың тууы туралы куәлігінде «Джайлаубаев Арман Серикбаевич» болып жазылса, енді ол еш қиындықсыз «Жайлаубай Арман Серікбайұлы» етіп қазақыландыра алады, – дейді Солтүстік Қазақстан облыстық әділет департаменті халықты құжаттандыру және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Әлия Мұстафина.
Кейбір ата-аналар түбінде тууы туралы куәлікті өзгерту керек шығар деп ойлайды. Оны өзгертіп жатудың еш қажеті жоқ. Сондай-ақ тууы туралы куәлік пен жеке куәліктегі тектің екі түрлі жазылуы болашақта жеке бастың мәселелерін шешуде кедергісін тигізуі мүмкін деген ойдан да аулақ болған дұрыс. Бұл туралы Жарлықта «Азаматтың тегі мен әкесінің атының жазылуын өзгертуі оның құқықтық субъектілігін қозғамайды, яғни тегі мен әкесінің атының бұрынғы жазылуында алған құқықтары мен міндеттерін доғаруға немесе өзгертуге негіз бола алмайды» деп анық айтылған. Сондықтан бүйректен сирақ шығарудың қажеті жоқ.
Кеңес тұсында барлық қазақ жаппай «ов», «ев» болып тізімделіп жатқанда, Бауыржан Момышұлы сияқты бірлі-жарым азаматтар ғана қасқайып қарсы тұра алған еді. Ал, енді тәуелсіз елдің азаматтары берілген мүмкіндікті пайдалана алмай отырса, ұрпағымыздың алдында ұятты боларымыз анық.

Фарида Тұяқова, тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бас маманы
Солтүстік Қазақстан облысы
«Ана тілі» газеті 28 мамыр 2009 жыл

0 пікір