Жұма, 29 Наурыз 2024
Экономика 5728 0 пікір 27 Желтоқсан, 2016 сағат 00:00

Қазақстандық полипропилен зауыты өнімдерінің 90% экспорттауды жоспарлап отыр

Атырау облысындағы біріктірілген газ-химия кешенінің полипропилен өнімдерінің 90% экспортқа шығарылатын болады. Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.

«Қазіргі кезде іске асырудың белсенді сатысында –  полипропилен өндіру жобасы. Зауытты іске қосу 2020 жылдың соңына жоспарланып отыр. Шығарылған өімдердің 90% экспортқа жөнелтілетін болады, 10% ішкі өндірісті дамыту үшін Қазақстанда қалады», - деп қор басшысы химия өнеркәсібін дамыту туралы әңгімесінде айтып өтті.

Зауыт мұнай-химия өнеркәсібін дамытудың үкіметтік бағдарламасы аясында әзірленген «Атырау облысындағы интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы» жобасының бір бөлігі болып табылады.

Атырау мұнай-химия кластері базалық өнімдері: полипропилен, полиэтилен шығарумен қатар, көмірсутекті шикізаттарды терең өңдеуді көздейді. Жобалардың жалпы құны 10 млрд долларға дейін бағаланады.

«Осы түпкі өнімдер - полипропилен, полиэтилен төңірегінде одан әрі өңделетін полимер өнімдерінің 50-ден астам түрін шығару жоспарланып отырған, шағын және орта бизнес кәсіпорындарын құруға болады», - деп есептейді Ө. Шөкеев.

Жобаны Қазақстанда химия өнеркәсібін жаңғырту және осы саладағы инновациялық жобаларды іске асыру үшін арнайы құрылған «Самұрық-Қазына» қорының еншілес компаниясы «Біріккен химиялық компания» ЖШС жүзеге асыруда.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1583
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2283
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3621