Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5063 0 пікір 27 Желтоқсан, 2016 сағат 11:59

Жыл қорытындысы бойынша ОҚО-да ет өндіру 2 есеге ұлғайды

Тәуелсiздiктiң ширек ғасырында ауыл шаруашылығы саласында толағай табыстарға қол жеткiзлгені әмбеге аян. Ауыл шаруашылығын реформалау егемендiк алған жылы бастау алды десек, реформаның нәтижесiнде ұжымшар-кеңшар, мемлекеттiк шаруашылықтар базасында 20 мыңнан астам дербес ауыл шаруашылығы құрылымдары құрылған. Бір ғана Оңтүстіктегі шаруа қожалықтарының  саны 70 мыңнан асады. Бұл – өзге өңiрлермен салыстырғанда ең жоғары көрсеткiш екені тағы рас.

Әсіресе биыл Оңтүстік шаруалары өнiмдерден рекордты көрсеткiштерге қол жеткiзгені туралы жазған ек.

Облыстың климаттық жағдайы да мақта, көкөнiс, бақша дақылдары мен жемiс-жидектердi өсiруге қолайлы болып табылады. Әрi жайылымдарды жыл бойына азықтық база ретiнде қолданып, мал шаруашылығын қарқынды дамытуға зор мүмкiндiк бар.

Өңiрде мал шаруашылығы да дәл биыл жоғары көрсеткіштерге жетті. Желтоөқсан айындағы статистикалық деректерге үңілсек, өңірде мал басы көбейiп, ет-сүт-құс өнiмдерiнiң көлемi артқан. Бүгiнде 897,5 мың iрi қара, 4 млн. 210 мың қой-ешкi, 244 мың жылқы, 24 мың түйе және 2 млн. 638 мың үй құсы бар екен.

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында  218 мың тонна ет, 739 мың тонна сүт, 304 млн. дана жұмыртқа өндiрiліпті. «Төрт түлiк мал өнiмдерiнiң артуы – «Мал шаруашылығын дамытудың 2014–2016 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын» жүзеге асырудың нәтижесi. Аталған бағдарлама шеңберiнде соңғы екi жылда 7 483 жоба қолға алынып, жаңадан 9 109 жұмыс орны ашылды. Қосымша 34,5 мың тонна ет, 40,2 мың тонна сүт алынды»,-дейді ОҚО әкімдігінің Ауыл шаруашылық басқармасының мамандары.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айындағы мәліметтерге сүйенсек, өңірде 2 801 шағын мал бордақылау алаңы, 612 шағын жанұялық сүт фермасы ашылған.

Abai.kz

0 пікір