Жұма, 26 Сәуір 2024
Мың бір мысал 4988 1 пікір 28 Желтоқсан, 2016 сағат 11:19

ТІНІКЕЕВ: МЕН АЗАМАТТАР МҮДДЕСІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТТІМ

Өткен аптаның басты сенсациясы «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеевке қатысты шулы бейне жазба болғаны белгілі.

Бейне жазба әлеуметтік желіде қызу талқыға салынып, қоғамдық резонанс тудырған соң, ҚР Парламенті депутаттың мәселесін қарауға кірісті.

Аталған бейне жазба пайда болған күні депутаттың өзі денсаулығы болмай, ауруханаға кеткендіктен, оның әріптестері бәлендей бір пікір айтпаған еді.

Жақында депутат Мұхтар Бәкірұлының өзі болған жайды түсіндіріп, кешірім сұрапты. Депутаттық мандатын өз еркімен тапсыратынын айтып, Парламенттік Депутаттық этика жөніндегі кеңеске өтініш те жазған.

Ақыры Мұхтар Бәкірұлының өтінішін кеңес қанаға тандырып, ол депутаттықтан босатылатын болды.

Кеше Мәжіліс үйінде өткен кеңеске қатысты Парламенттік ресми сайты мәлімдеме жасады. Онда Депутат Тінікеевтің өтініші қанағаттандырылғандығы айтылады.

Ал біз депутат Мұхтар Тінікеевтің кешірім сұраған хатын назарларыңызға ұсынамыз. Өз хатында Ол депутат болған ширек ғасыр шегінде әділ әрі табан түрде азаматтардың мүддесіне қызмет еткендігін айтып, әрі қарай да Елбасы мен елге қызмет етуге даяр екендігін жеткізген.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

1 пікір