Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3155 0 пікір 1 Маусым, 2009 сағат 07:56

Қазақ радиосының бас редакторы Саясат Бейісбай: «Тыңдарман талабынан шыққымыз келеді».

«Қазақстан» ұлттық телерадио корпорациясындағы соңғы өзгерістерге байланысты Қазақ радиосының бас редакторы болып Саясат Бейісбай тағайындалған еді. Жаңа басшымен аз-кем сұхбат барысында ең алдымен осы өзгерістердің Қазақ радиосында әсері қалай болғандығы айтылды.
– 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында қазіргі дағдарысқа орай телерадио корпорация басшылығының шешімімен Қазақ радиосында оңтайландыру жүргізілді. Жиырмадан астам адам қыстартылды. Жеті-сегіз редакция бірігіп, қайтадан құрылды.
Бұл күнде радиода 130-дан астам қызметкер жұмыс істейді. Бұдан он шақты жыл бұрын 450-ге дейін адам қызмет еткен-ді.
Қазір Қазақ радиосындағы негізгі, бірінші бағдарлама бойынша тәулігіне 24 сағат хабар беріледі. Сосын, көпшіліктің есінде болар, бізде кезінде «Шалқар» ұлттық арнасы болған. Шет елдерге қазақ тілінде хабар тарататын. Кейінгі уақытта осы арна жабылып қалған еді. Төрт-бес ай бұрын ол қайтадан ашылды. Мұнда 20 адам жұмыс істейді. Тәулігіне 18 сағат хабар береді. Тек қана қазақ тілінде. Алайда, біз бүкіл республиканы қамти алмай отырмыз. 13-14 облысқа қана тарайды. Бір айта кетерлігі, келесі жылы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Шалқар» үшін 1,5 миллиард теңге қаржы бөліп отыр. Бұл таза қазақ тілінде берілетін хабарға деген үлкен қамқорлық. Қаржы жер-жердегі тозығы жеткен станцияларды ретке келтіруге жұмсалмақ.

Құрылым ықшамдалып, өзгерді. Дирекция бар. Бұрын «Ақпарат» және «Таңғы бағдарламалар» редакциялары бөлек-бөлек болатын. Қазір екеуі бірігіп, жаңа редакция дүниеге келді. «Руханият» және «Музыка» редакциялары бірігіп, «Әдеби-сазды бағдарламалар» редакциясы деп аталды. Жастар, экономикалық, әлеуметтік мәселелерге қатысты редакциялар да жинақталды.
Бізде «Достық» редакциясы деген бар. Осы жерде бір нәрсені айта кетейін, жақында ғана Түркиядан келдім. Анкара радиосының 80 жылдық мерейтойына қатыстым. Сонда түріктер «Бізде алты тілде хабар таратылады. Мұндай ешбір елде жоқ» деп мақтанып жатты. Олар Қазақ радиосында жеті тілде хабар берілетінін білмейді екен. Біздің «Достық» орыс тілінен басқа әр апта сайын жарты сағат ұйғырша, әзербайжанша, түрікше, татарша, корейше, немісше хабар таратумен айналысады.
Қазақ радиосының тарихы өте бай. Екі жылдан кейін 90 жылдық мерейтойды атап өтпекпіз. Бұл ретте радиомыздың «Алтын қоры» жөнінде атап кетпесе болмайды. Осында елге танымал адамдардың дауыстары сақталған. 110 мың ән бар екен. Қазір осы асыл мұралар жазылып қалған ескі таспаларды жаңа дискілерге көшіру ісі жүріп жатыр. Мұның өзі бейнеті мол, бірақ елдік маңызы орасан жұмыс.
– Сәке, Қазақ радиосының тындырып жатқан жұмыстарымен көпшілік жақсы хабардар. Істеріңізге көңіліміз толады. Енді мына мәселеге келсек. Бізді алаңдататыны қазақ тілінің жағдайы ғой. Осы туралы не айтар едіңіз?
– Тілге жанашыр екі мекеме болса, соның біреуі біз шығар деп ойлаймыз. «Қазақ радиосы» деген атау көп жайттан сыр шертсе керек. Насихатымыз да, үгітіміз де – қазақтық қасиеттер. Солардың алдыңғы кезегінде ана тіліміз тұр. Бұл бағытта оң істер болса сол мезетінде қалың көпшілікке жеткізуге мүдделіміз. Кемшіліктер ұшырасып жатса, оларды түзетуге, болдырмауға лайықты үлесімізді қосқымыз келеді.
Біз соңғы уақытта «Туған тіл» деген бағдарламаны өмірге әкелдік. Бұл бағдарламаның ашылуына ұйтқы болған белгілі ақын, Қазақ радиосының бас директоры Жүрсін Ерман. Аталған бағдарламаның аясында бірнеше хабарлар берілді. Журналистеріміз жер-жерде іссапарда болып, жұртшылық ден қояр мазмұнды дүниелер дайындай білді. Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы облыстары, Алматы қаласы бойынша әзірленген хабарлар тыңдарманның назарын аудартты. Осы хабарларды дайындау барысында тіл бағытында әлі де қыруар істер атқару керектігіне көз жетті. Әсіресе, қаржы саласындағы қазақ тілінің жағдайы сын көтермейді. Шығыс Қазақстан облысында ономастика комиссиялары белсенді іс-әрекеттер тындыру керектігін аңғардық. Өйткені кейбір жер, елді мекендер атаулары кешегі кеңестік кезеңдегі қалпында болған. Қазақы өңір саналатын Қызылорда облысындағы кейбір банктер іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге толық көшпегені байқалды. Сыртқы істер министрлігіндегі жағдай да осы деңгейлес.
Әуе толқынына таратылған хабарлардан аңғарғанымыз мемлекеттік тіл бағытында сөзді азайтып, нақты іске көшуіміз керек. Мекеме, кәсіпорындарға, әсіресе соларды басқарып отырған басшыларға қатаң талап қойылуы тиіс.
Өзіңіз қызмет ететін «Ана тілі» газетімен бірлесіп жаңа жобаның тұсауын кестік. Бұл шаруамыздың да қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуде өзіндік әсері болатыны күмәнсіз.
– Әңгімеңізге рахмет.

Нұрперзент Домбай
«Ана тілі» газеті 28 мамыр 2009 жыл

0 пікір