Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Құлақтың әңгімесі 6428 0 пікір 31 Қаңтар, 2017 сағат 12:21

ЕРДОҒАН КІМДІ САТТЫ?

Сауд Арабиясының, Дубайдың және басқа да Араб елдерінің белгілі саяси тұлғалары Түркия Жұмхриеті президенті Тайып Ердоғанды мұсылман елдері мүддесін сатып кеткен, табанының бүрі жоқ бір пендеге теңеуде. Олар Ердоғанның о баста Сирия президенті Асадқа қарсы шығып, ондағы оппозицияны қолдағанын, кейін оның Путинмен, Нетаньяхумен жақындасып, Асадты қолдап, ондағы оппозицияны сатып кетті деп ашық айыптауда.

Ердоғанның Ресеймен тым қатты жақындасып кетіп, түрік мүддесін сатып кеткен жоқ па деген де ойға қалады екенсің?

Ердоғанға дейін Түркия мен Ресей арасы тең дәрежеде дамып келіп, аяқ астынан Ердоғанның басын иіп орысқа баруын, Израилмен ауыз жаласа қалуын, мұсылман елдері сатқындыққа балауда.

Соңғы кездері оның Ататүрік идеясынан бас тартып, өзін мәңгілік президент санауға көшкен Ердоған түптің түбі Түркияның түбіне жетпей ме деген де қауіп жоқ емес. Ердоған «әскери төңкеріс жасауға талпынды-мыс» деген желеумен Түркия қарулы күштеріндегі сан мыңдаған әскери тұлғаларды абақтыға жауып, Түркиядағы ұлт зиялылырының соңынан шырақ алып түскенін де, оның ашық түрде Ресей қолшоқпарына айналып бара жатқанын да, әлем БАҚ-тары Түркия болашағына үлкен қауіп төндіру деп бағалау да.

Сонда Ердоған кімді сатты деп ойлайсыз?..

Жұмаш Көкбөрі

Abai.kz

0 пікір