Сенбі, 20 Сәуір 2024
Қоғам 7436 0 пікір 31 Қаңтар, 2017 сағат 13:15

ҚАЗАҚТЫҢ ЕЛБАСЫҒА ДЕГЕН ЫҚЫЛАСЫ

Күні кеше ғана «Алматы арена» спорт кешенінде Бүкіләлемдік 28-Қысқы Универсиада ойындарының ашылу рәсімі өтті. Оған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі арнайы келіп қатысты. Салттанатты ашылу рәсімінде FISU төрағасымен бірге, Презиенттің арнайы қонағы Біріккен Араб Әмірлігі Корольінің орынбасары, Алматы әкімі, Вице-премьер және Президент әкімшілігінің жетекшісі де болды.

Түрлі сахналық қойылымдарды, концерттік бағдарламалар мен жиынның ресми бөлімін сарай ішіндегі 12 мыңнан астам адаммен бірге күллі жаһандағы 1 миллиардқа жуық адам тамашалады.

Күллі әлем көз тіккен жиынды Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ашты.

Елбасымыз осы бір додалы жарыстың ашылуында бар болғаны 9 минут сөйледі.  Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың осы 9 минуттық баяндамасы кезінде «Алматы арена» ішіне жиылған жұрт тұп-тура 36 рет қол шапалақтапты. Президенттің әр сөйлемі дүрсін-дүрсін қошеметпен жалғасып отырды. Бұның сыртында Назарбаев мырзаның мінбеге келген әм кеткен сәтінде сарай ішінде «Қазақстан, Қазақстан» деген ұран жаңғырып тұрды. Жұрттың «ерекше ықыласына» кеткен уақытта есептемесек, Елбасының баяндамасы бар болғаны 6-7 минуттың шегіне сыйатын еді.

Мұндай Халықаралық ауқымдағы шара үшін 6-7 минуттық алғысөз лайықты мөлшер. Бірақ, халықтың ықылас-пейілі ол мөлшерге бағынбай жатса, оған ренжуге болмайды. Бұл ілтипатқа Нұрсұлтан Әбішұлының да риза болғанын, ресми сөзіне әзіл араластырған кезде  толқып тұрғанын анық байқадық.

Бұл сәтті әлемнің 80 еліндегі миллиардқа жуық адам тамашалап отырды (бұл потенциалды есеп).

Бұл нені білдіреді? Бұл Қазақстан халқының, соның ішінде Алматы жұртының Халықаралық спорт додасын ерекше ықыласпен қарсы алғанын... Рас, біздің Универсиаданы өткізуге құлшынысымыз – Елбасының әр сөзін жалғаған дүр қошеметтен-ақ аңғарылғандай болды. Керек десеңіз, бұл болашақта Олимпиада ойындарын өткізуге де даяр екендігімізді бір миллиард жұрттың санасына сіңірді. 

Қазақтың осы ықылас-пейілі тарылмасын деп тілейміз!

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

0 пікір